Ресми

«ЭКСПО-2017» көрмесі: БАҚ өкілдеріне аккредитация ашық

«Астана ЭКСПО-2017» АҚ Ұлттық компаниясы Халықаралық мамандандырылған  «ЭКСПО-2017» көрмесі үшін БАҚ аккредитациясы 2017 жылдың  20 наурызынан бастап ашық деп жариялайды. Аккредитация 20 наурыздан бастап Көрменің соңына, 9 қыркүйекке дейін жалғасады.

БАҚ өкілдеріне арналған аккредитация  іс-шараның өту барысын жеткізе отырып, кәсіби мақсаттарды жүзеге асыру үшін Медиа-орталығы мен арнайы аймақтарға кіруге рұқсат береді.

Қазақстандық БАҚ өкілдеріне арналған аккредитация мына тәртіп бойынша жүргізіледі:

  1. БАҚ өкілі компанияның «Аккредитация» деген мәзіріне кіріп, «БАҚ үшін Аккредитация» бөлімін тауып, келісімді алу үшін арнайы үлгіні толтыруы керек;
  2. Интерактивті үлгіні толтыру кезінде қандай да бір қиыншылықтар туындаса, БАҚ өкілі сайттан сол үлгіні жүктеп, Word пішінінде толтырады. Сұралған құжаттарды тіркеп, мына электронды адреске жолдайды: accr.media@expo2017astana.com

Аккредитацияға өтінім беру үшін мына құжаттарды толтыру керек:

  • Журналистің уақытша немесе тұрақты аккредитациясы туралы БАҚ басшылығының жазған хаты;
  • Аккредитация үлгісін толтыру (үлгі компания сайтында «БАҚ үшін Аккредитация» бөлімінде жарияланған );
  • Мына талаптарға сай БАҚ өкілінің фотосы:
  • Түрлі түсті болуы керек;
  • gif, .jpg немесе .png. форматында болуы керек, көлемі кем дегенде 512 Kb, фото пішіні 3Х4;
  • фотоның 70-80 %-ын бет пішін алу керек;
  • Фото алты айдан бұрын жасалмауы керек.
  • ҚР жеке куәлігі немесе паспорттың түрлі түсті көшірмесі (тек Қазақстан Республикасының азаматтарына).

Үлгіні жіберіп, арнайы тексеруден өтіп, оң нәтиже алғаннан кейін БАҚ өкіліне аккредитация картасы беріледі.

Аккредитациядан өту кезінде қандай да бір мәселе туындаса, мына байланыс телефоны арқылы хабарласыңыз: +7 (7172) 93-89-43, дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін немесе мына электронды поштаға жазсаңыз болады: accr.media@expo2017astana.com

 АҚ «Астана ЭКСПО-2017» ҰҚ

Қоғаммен байланыс департаменті.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button