Ресми

Үздік әлеуметтік жобалар конкурсына қатысыңыз!

Қоғамдық бірлестіктерге көмек көрсету және халықтың әлеуметтік осал топтарының, оның ішінде өмірлік қиын жағдайға тап болған мүмкіндіктері шектеулі адамдардың өмір сүру деңгейін көтеру мақсатында 2017 жылдың 1 сәуірінен 1 шілдеге  дейін әлеуметтік жобалардың  конкурсы жүргізіледі.

Конкурсқа қызметі халықтың әлеуметтік осал топтарының, оның ішінде өмірлік қиын жағдайға тап болған мүмкіндіктері шектеулі адамдардың өмір сүру деңгейін көтеруге бағытталған қоғамдық бірлестіктер, мүгедектер ұйымдары, өзге де мекемелер және ведомстволар, жеке тұлғалар және басқа да үкіметтік емес ұйымдар қатыса алады.

Қосымша ақпараттарды алу және ұсыну үшін 030019, Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі, 101, 103-кабинет, Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына 56-88-58 және электрондық мекенжайына (zumata@mail.ru)  хабарласуларыңыз қажет.

Сонымен қатар, іріктеу конкурсы өтінімдерінің материалдары жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының сайтында  http: //www.social.aktobe.gov.kz/  жарияланды.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button