Ресми

Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласындағы «Smart city Ақтөбе» мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасы бойынша жекеменшік қаржылық бастама туралы хабарлама 

Ақтөбе қаласы                                                                      «24»  наурыз 2017 жыл

«Ақтөбе қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы №725 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларының 138-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік (МЖӘ) жобаларын жоспарлап, кәсіпкерлік субъектілерін тарту мақсатында, сондай-ақ, МЖӘ жобаларының ашықтығын арттыруды қамтамасыз ету мақсатында, осы хабарлама арқылы Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласында «Smart City Ақтөбе» аппаратты–бағдарламалық кешенін құрып, оны пайдалану жөніндегі МЖӘ жобасының тікелей келіссөздер арқылы бастамашылықтың (әрі қарай – Жоба)  көтерілгенін хабарлаймыз.

 

Жобаның негізгі техникалық-экономикалық параметрлері және бюджеттен сұралатын төлемдер (әлеуетті жекеше әріптес бастама еткен тұжырымдама жобасына сәйкес):

  1. Жобаны іске асыру

Жобаны іске асырудың жалпы кезеңі — 7 жыл, оның ішінде 2017 жылдың 31 желтоқсанына дейін іске асыру кезеңі.

  1. Жобаның техникалық сипаттамасы мен параметрлері

Оған жататын жүйелердің сипаттамасы:

— 56 қиылыс (тәртіп бұзуды автоматты түрде есепке алу: бағдаршамның тыйым салушы сигналына өту (ӘҚК 594-бап, 1-бөлім), бағдаршамның тыйым салушы сигналына тоқтау сызығын қию (ӘҚК 594-бап, 1-бөлім); көлік құралының тұтас сызықты қиюы немесе жүріп өтуі, автобус сызығынан өту  (ӘҚК 590-бап, 1-бөлім), автокөліктің қарсы қозғалысқа шығуы, бейнеталдау);

— 40 сызықтық участок (жылдамдық режимінің бұзылуын тіркеу (ӘҚК 592-бап, 1,2,3-бөлімдері), бейнеталдау);

— жалпы көріністегі бейнеталдаулы, көпшіліктің арасында тастап кеткен затты тауып, адамды байқай алатын, қоғамға жат мінезді анықтайтын, өрт пен түтінді айыратын, мәліметтерді сақтайтын жүйеден бастап, бейнебақылау камераларындағы бейнемәліметтердің сандық ағынын шифрлау  қабілеті бар, 1900 камералар. Бұл — оптикалық кросс шкафы мен далада сақтайтын коммутациялық жабдықтардың басын қосқан кешен. Бейнекамералардан мәліметтер бірыңғай командалық орталыққа шығарылады (ІІД немесе ЖҚМ қажеттілігіне сәйкес);

— бөгде камераларды бірыңғай бейнеталдауға интеграциялау арқылы бір командалық орталыққа тоғыстыру  (сауда, ойын-сауық орталықтары, бизнес-орталықтар, қоғамдық орындар, тұрғын үй кешендері — кем дегенде 500 дана);

— жолаушылар тасымалдау көлігін саралау;

— жоғарыда аталған жүйелердің қалыпты жұмысы үшін 3 жылға дейін сақтау жүйесі мен серверлерді өңдеу орталығын құру;

— мемлекеттік қызмет көрсетудің автоматтандырылған жүйесін құрып, оны іске асыру және оны ұсыну;

— мемлекеттік 21 мектепке ақпараттық-білім беру жүйесін ұсыну мен оны жүзеге асыру;

— 18 аурухана мен емханалар үшін медициналық ақпарат жүйесін ұсынып, оны жүзеге асыру;

— интеллектуалдық көлік жүйесін ұсынып, оны жүзеге асыру (жолаушылар тасымалдау көліктерінің қозғалысы мен бағдаршамдардың көліктерді жіберу мүмкіндігін бақылайтын базалық функционалы);

— тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйесін ұсынып, оны жүзеге асыру;

— жоғарыда атап өтілген барлық жүйелерді интеграциялау үшін ситуациялық орталықтың интеграциялық платформасы үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді ұсынып, оны жүзеге асыру.

  • Жобаның техникалық инфрақұрылымы ақпараттық технологиялар саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес іске асырылуы тиіс.
  1. Жекеше әріптестің Жобаны қолданыстағы және жоспардағы ақпараттық жүйелермен біріктіру бойынша міндеттемесі туралы мәселе МЖӘ шартында көрсетіледі.
  2. Жобаны аралас келісімшарт үлгісі бойынша іске асыру ұсынылады. Жекеше әріптес өз қаражаты есебінен Ақтөбе облысының Ақтөбе қаласында «Smart City Актобе» ақпаратты-бағдарламалық кешенін (Әрі қарай  – Жүйе) құруды, мәлімет беру арналарын қоспағанда, оны коммуналдық меншікке беруді және МЖӘ шарты белгілеген мерзім бойы пайдалануды жүзеге асыруды ұсынады.
  3. Жекеше әріптестің шығындарын өтеу және табыстарын алудың сұралған көздері:
  • операциялық шығындарды өтеу;
  • инвестициялық шығындарды өтеу;
  • нысанды басқару үшін сыйақы.
  1. Инвестициялық шығындар 3,8 млрд теңгеден аспайды.
  2. Жекеше әріптес мемлекеттік-жекеменшік әріптестікке келесі нысандарда қатысады:
  • Жобаны іске асыруды қаржыландыруды жүзеге асырады;
  • Осы хабарламада көрсетілген техникалық сипаттамалары бар Жүйені жасау, жаңғырту (пайдалану кезеңінде) және пайдалану.

 

Жоспарланған МЖӘ жобасын іске асыруға мүдделі әлеуетті жекеше әріптестер жоспарланған Жобаны іске асырудың мүмкіндіктері туралы балама ұсыныстар ұсына алады.

 

Әлеуетті Жекеше әріптестерге қойылар талаптар:

  • ҚР «Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік туралы» Заңының 32-бабымен анықталған жалпы біліктілік талаптарына сәйкес келу;
  • Ұсынылған баламалы ұсыныс аясында электронды кезек жүйесіне, медициналық ақпараттық жүйе, бейне-саралау жүйесіне, барлық аталған жүйелер мен интеграциялық платформаларға интеллектуалдық шығармашылықтың нәтижесіне ерекше құқықтың болуы;
  • Ұсынылып отырған бейне және кескінді тіркеу Қазақстан Республикасының кем дегенде 10 қаласында болуы шарт.

Басқа әлеуетті жекеше әріптестердің өзіндік техникалық сипаттамалары бойынша балама ұсыныстары осы хабарламада көрсетілгендерге тең немесе олардан жоғары болуы тиіс.

 

Баламалы ұсыныстарда мынадай жайттар қарастырылуға тиісті:

  • әлеуетті жекеше әріптестің атауы мен мекенжайы;
  • мемлекеттік тиесілілігі (заңды тұлғалар үшін), азаматтығы (жеке тұлғалар үшін);
  • заңды тұлғалардың басшылары немесе иелері және әлеуетті жекеше әріптеске өкіл болатын тұлғалар туралы мәліметтер;
  • интеллектуалды шығармашылық қызмет нәтижелеріне, ақпараттық жүйеге және/немесе балама аясында ұсынылатын оның модульдеріне айрықша құқықты растайтын құжаттар;
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекеменшік әріптестік саласындағы заңнама талаптарына сәйкес жасалған тұжырымдама, оның ішінде құжаттар мен есептерді растайтын қаржылық-экономикалық үлгі.
  • Жобаны іске асыруға мүдделілік танытқан жағдайда қажетті құжаттарды  «Ақтөбе қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ төмендегі мекенжайға жіберілуі керек: Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қаласы, Ахтанов көшесі, 50-үй, 3-кабинет, телефондар: 8 (7132) 41-63-80 (Ақтөбе қаласының әкімшілігі).

 

Балама ұсыныстар осы хабарлама жарияланған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде қабылданады.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button