Мереке

Құрметті жерлестер!

 

Баршаңызды ырыс пен берекенің бастауы — Ұлыстың ұлы күні  Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын.

Тарихи тамыры тереңге бойлаған әз-Наурыз дана халқымызда қай кезде де еңсесі биік елдіктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі болып есептеледі.

Қазақстандықтар үшін бұл кезең Мемлекет басшысы — Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен қол жеткен ғаламат табыстармен және қайта құрылымдармен, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының біздің өмірімізге табысты енуімен байланысты болып отыр. 

Ақтөбе жерінде тоқсаннан астам ұлттың өкілдері тату-тәтті тіршілік кешіп жатыр. Олар туған өлкенің игілігіне адал еңбек етіп қана қоймайды, сонымен қатар ортақ мерекелерді де бірге атап өтеді. Сондықтан да біздің барлығымыз бірігіп, көктем мерекесін бір дастарқан басында отырып тойлаймыз, келген қонақ үшін есігіміз әрқашан да ашық болады.  

Елді бірлік пен ынтымаққа, адамгершілік пен имандылыққа үндей­тін Наурыз мерекесі Отанымызға береке, халқымызға игілік, әрбір шаңыраққа бақыт пен шаттық әкелсін!

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Төрт түлігіміз түгел,  Ұлыс оң, Ақ мол болсын!      

 Облыс әкімі Бердібек САПАРБАЕВ.

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button