Ресми

Жолдар уақытша жабылады

Ақтөбе қаласында мереке күндері көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады.

Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испановтың қаулысына сәйкес, 21 наурыз сағат

12.00-ден бастап 22 наурыз сағат 22.00-ге дейін Әбілқайыр хан даңғылы бойындағы ҚР Тұңғыш Президенті атындағы орталық саябақ ауданынан  Ғ.Жұбанова көшесінен М.Мәметова көшесіне дейінгі аралықта және Сазды өзені арқылы өтетін көпір өткеліндегі жолдар уақытша жабылады.  Аталған аумақтарға қалалық ішкі істер басқармасы мен  «Табыс Ақтөбе» ЖШС мамандары бірлесіп жол белгілері мен қоршаулар қояды.

Бұл күндері көліктер көлденең жатқан көшелер бойымен жүреді.

 Арайлым НҰРБАЕВА.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button