«Ақтөбе — құтты мекен»

Әбілқайыр Досов — 1934-1936 жылдардағы басшы

1934 жылдың наурыз айында Ақтөбе облысына жаңа басшы болып Әбілқайыр Досов келді.

Облыстық мемлекеттік мұрағатта (13-қор) Әбілқайыр Досовтың БК(б)П мүшесі ретіндегі есептік карточкасы сақтаулы тұр. Құжатта атын орыс тілінде «Абль-хаир» деп көрсетіпті.

Ә.Досов 1899 жылы дүниеге келген. Партия қатарына 1919 жылы кірген.

1919 жылдың ақпан айынан 1920 жылдың желтоқсанына дейін Омбыдағы губерниялық партия комитетінде ұлттық бюрода қызмет еткен. 1921 жылдың қаңтар айынан 1922 жылдың желтоқсанына дейінгі аралықта Қазақ Орталық атқару комитеті төралқасының мүшесі болды.Одан кейінгі үш жыл ішінде Семей губерниялық атқару комитетін,Түркістан облыстық ревкомын, Орал облысы атқару комитетінбасқарды. 1926-1927 жылдары Қазақстанның Бүкілодақтық Орталық атқару комитеті жанындағы өкіл болып қызмет еткен.1927-1930 жылдар аралығында Бүкілодақтық Орталық атқару комитетінің төралқа мүшесі болды. Одан соң үш жыл бойы БК(б)П Орталық комитетінің жауапты нұсқаушысы болып істеді.

Ал 1934 жылдың наурыз айынан 1936 жылдың тамыз айына дейінгі аралықта

Ақтөбе облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы болды. 1936 жылдың тамызында Шымкент қаласына жауапты қызметке ауысқан.

Өкінішке қарай, Әбілқайыр Досов саяси қуғын-сүргіннің құрбаны болды. Ол 1937-нің қараша айында жалған саяси айыппен тұтқындалып, 1938 жылы 8 наурызда КСРО Жоғарғы Соты Әскери коллегиясының үкімімен ату жазасына кесілген.

1956 жылы ақталған.

 Сағыныш ТӨРЕМҰРАТОВА,

облыстық мемлекеттік мұрағат қызметкері.

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button