Ресми

Тағайындау

Ақтөбе облысының әкімі Б.Сапарбаевтың 2017 жылғы 6 наурыздағы өкімімен Маржан Нағашыбекқызы Қорғанбаева «Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ басшысы болып тағайындалды.

 

МАРЖАН НАҒАШЫБЕКҚЫЗЫ ҚОРҒАНБАЕВА

Әл-Фараби атындағы Шымкент педагогикалық институтын мәдени-ағарту жұмысының ұйымдастырушы-әдіскері мамандығы бойынша, Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтын педагогика және психология бакалавры мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1989 жылы облыстық ғылыми-әдістемелік орталықтың ғылыми-әдістемелік жұмыстар бөлімінің ғылыми қызметкері, мәдени-ағарту жұмыстары бөлімінің әдіскері болып бастаған.

1991 жылдың қыркүйек айынан бастап  облыстық халық шығармашылығы үйінің  клубтық мекемесі бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған.

2003 жылдың маусым айынан бастап «Ақтөбе қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ басшысы.

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button