Мереке

Ардақты аналар! Аяулы арулар!

Сіздерді көктемнің шуақты мерекесі — 8 наурыз мейрамымен ыстық ықыласымызбен құттықтаймыз!

Әйел-Ана — өмірдің өзегі, тіршіліктің күре тамыры. Қазақ халқының тарихында дана, ақылына көркі сай, ержүрек аруларымыз аз болмаған.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Жер бетіндегі жақсылық, ізгілік, қайырымдылық атаулының бәрі де әйел-ананың ақ сүті мен ақ ниетінен тарайды» деген тамаша сөзі бар.

Қазіргі тәуелсіз Қазақстанда әйел — тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, ол — мемлекеттің қоғамдық-саяси өміріне белсене араласатын қоғам мүшесі.

Егемен елдің азаматшасы саясатта, бизнесте және экономиканың барлық секторында ер-азаматтармен қатар еңбекке белсене араласып, өздерінің біліктілігін, іскерліктерін көрсетіп келеді.

«Отан отбасынан басталады» деген сөз бар. Сіздер отбасының, демек, мемлекеттің тірегісіздер. Осы орайда, еліміздің өркендеуі жолында аянбай қызмет жасап жүрген барлық аналарға, қарындастарға және қыз-келіншектерге өз ризашылығымды білдіремін.

Дендеріңіз сау, бақытты болыңыздар, сіздердің және тума-туыстарыңыздың бойына үнемі туған шаңырақтың жылуы тарап жүрсін.

Барлық жағдайда табысқа кенеле беріңіздер! Мереке құтты болсын!

 Құрметпен, облыс әкімі Бердібек САПАРБАЕВ.

 

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button