Ресми

«Әйелдер — әлемнің жарығы» акциясына қатысыңыз!

Құрметті ақтөбеліктер!

Қадірменді жерлестер!

 

Көктемнің жылы шуағымен жерімізге киелі де қастерлі наурыз айы аяқ басты. Халқымыз үшін күннің нұрымен әрленген жыл бастауы — наурыз айы болса, көктемнің алғашқы мерекесі — барша дүниедегі тіршіліктің қайнар бастауы — ана, әйел және аруларымыздың мейрамы.

Ал отбасының ұйытқысы, «Ақ бесіктің иесі, туған жердің киесі» — алтын жүрек аналарымыз біздің халқымыздың ең құнды қазынасы боп саналады. Әйел-ана — өмірдің өзі, бақыт пен берекенің көзі, нәзіктік пен көркемдіктің сәні, мейірімділік пен парасаттың мәні. Ананың аяулы алақаны, өмір берген нәрі, жүрегінің жылуы, білім мен тәрбиенің қайнар бұлағымен сусындамай қалыптасқан саналы адам болмайды. Ендеше осынау мерекені перзенттіктің парызымыз деп ұғына отырып, барша әйелдер қауымына ілтипат пен ізгіліктің бастауындай, құрмет көрсетуге арналған облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен «Әйелдер — әлемнің жарығы» акциясына қатысуға шақырамыз. Акцияның басты мақсаты — өңіріміздің әрбір әйел азаматшаға, анаға деген ыстық сезімін, әйелге деген махабат алауын, қыздарымызға деген мейірім шуағын төгу.

Акция аясында бірде-бір әйел назардан тыс қалмауы қажет.

Барша ақтөбеліктердің акцияға үлес қосуларын сұраймыз.

Облыстық ардагерлер

кеңесінің төрағасы                                                        К.Бірманов.

 

Облыстық қоғамдық

кеңес хатшысы                                                              Қ.Елубаев.

 

Қазақстан халқы Ассамблеясы

жанындағы Қоғамдық келісім

кеңесінің төрағасы,

облыстық мәслихаттың депутаты                                     С.Вишняк.

 

Жастар ұйымдары атынан

«Жас Отан» ЖҚ  облыстық

филиалының төрағасы                                                          А.Бүркіталин.                    

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button