Экономика

Бәсекеге қабілеттілік — басты талап

Мәслихат

Облыстық мәслихатта экология  және табиғатты пайдалану, аграрлық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияның кеңейтілген отырысы өтті.

Тұрақты комиссияның жұмысына облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Қалдығұлова, облыс әкімінің орынбасары Мұхтар Жұмағазиев, тұрақты комиссия мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, ауыл шаруашылығына қатысты  аймақтағы акционерлік қоғамдар мен несиелік мекемелердің өкілдері қатысты.

Отырыста агроөнеркәсіп кешеніне мемлекеттік қолдау көрсетудің қазіргі бағыттары мен облыстағы агробизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мүмкіндіктері жайлы мәселе қаралды. Бұл жөнінде облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Құсайын Сәрсенбай баяндама жасады.

Баяндамада ауыл шаруашылығы саласының  кейінгі жылдардағы дамуына жан-жақты талдау жасалып, алдағы міндеттер қамтылды. Басқарма басшысының айтуынша, үстіміздегі жылы егіншілік пен мал шаруашылығы салаларына төленетін субсидия едәуір көбейеді.  Сондай-ақ несие қаржы беру де көп артады. Соның нәтижесінде шаруа қожалықтары жаңа техникалар алып, жабдықтарын жаңарта алады. Ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтері құрылып жатқан кезде, бұл басым бағыттар болып отыр.

Мәселені талқылау кезінде облыстық мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері белсенділік көрсетіп, көптеген сауалдар қойып, ауылшаруашылық жұмыстарына байланысты сын-ескертпелерін білдірді, ұсыныстарын айтты.

Аманқос ОРЫНҒАЛИҰЛЫ.  

 

 

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button