Ресми

Тағайындау

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың 2017 жылғы 23 қаңтардағы бұйрығымен Нұрлыбек Мейірханұлы Жүсіпов «Ақтөбе облысы денешынықтыру және спорт басқармасы» ММ басшысы қызметіне тағайындалды.

Нұрлыбек ЖҮСІПОВ

1965 жылы туған. Ақтөбе педагогикалық институтын физика және математика мамандығы бойынша, «Дүние» университетін экономика, қаржы және аудит мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1985 жылы бастап, Ырғыз ауданының Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінде мұғалім, Ырғыз аудандық жастар ісі, туризм және спорт комитетінің төрағасы, Ырғыз ауданы әкімінің аппарат басшысы, Ырғыз ауданы әкімінің орынбасары, «Ырғыз аудандық білім бөлімі» ММ басшысы қызметтерін атқарды.

2009 жылдан бергі кезеңде «Ақтөбе облысы бойынша көші-қон департаменті» ММ бөлім бастығы, «Ақтөбе облысы бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті» ММ бөлім бастығы, «Мұғалжар аудандық білім, денешынықтыру және спорт бөлімі» ММ, «Мұғалжар аудандық білім бөлімі» ММ басшысы болып еңбек етті.

2016 жылдың ақпан айынан бері — «Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті» ММ басшысының орынбасары.

 

 

Басқа жаңалықтар

One Comment

  1. Кадрдын болашагы зор. Буданда зор кызметтерди аткара алады.Принципшил.Тапсырылган истерди творчестволык козкараспен аткарады.Ен бастысы -мемлекетшил.Онын колынан аудан баскаруда келеди.Алда соны кутемиз.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button