Ресми

ТАҒАЙЫНДАУ

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың 2017 жылғы 13 қаңтардағы өкімімен Дастан Серікұлы Аманов «Ақтөбе облысы мемлекеттік сатып алу жөніндегі басқармасы» ММ басшысы қызметіне тағайындалды.

Дастан АМАНОВ

1977 жылы дүниеге келген. Ақтөбе ауылшаруашылық колледжін бухгалтер- экономист мамандығы бойынша, Алматы статистика және экономика институтын экономист мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 2001 жылы жеке құрылымдарда әртүрлі қызметтерден бастаған.

«Ақтөбе қаласы құрылыс бөлімі» ММ-де жетекші маман, осы бөлімде бас маман, сектор меңгерушісі, басшының орынбасары қызметтерін атқарған. Сондай-ақ, Ақтөбе облысы бойынша жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында бөлім басшысы және басшының орынбасары лауазымында болған.

2016 жылғы желтоқсан айынан бері — «Ақтөбе облысы мемлекеттік сатып алу жөніндегі басқармасы» ММ басшысының орынбасары.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button