Спорт

Алау ұстау — үлкен мәртебе

Айдын ҚАСҚЫРБАЕВ, Ақтөбе қаласы зауыт полиция бөлімі жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты.

Универсиада алауын ұстау құрметіне ие болғаныма қуанамын. Бұл мен үшін зор мәртебе.

Спортқа деген қызығушылығым бала кезден басталды. 2-сыныпта оқып жүргеннен бастап мектеп бітіргенше Ырғыз ауданының орталығындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебінде күрес секциясына қатыстым. Жаттықтырушым Қайрат Қазанбаев қазір сол спорт мектебін басқарады.

2009 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясына оқуға түстім. Студент кезімде де спортпен тұрақты түрде айналыстым. Академия жанындағы қоян-қолтық ұрыс секциясына  қатыстым. Жаттықтырушым, полиция полковнигі Болат Көлтаевпен қазір де хабарласып тұрамын. Академияда оқып жүргенімде академия атынан көптеген облыстық, республикалық, халықаралық жарыстарға қатыстым. Қазір де спорттық жарыстарға белсене қатысамын.

Елімізде өтетін дүбірлі додаға қатысатын спортшыларға сәттілік тілеймін.

 

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button