ЖаңалықтарЭкономика

Ақтөбе жетекші орынға шықты

Ақтөбе облысы «Бизнестің жол картасы — 2020» бизнесті дамыту және қолдаудың бірыңғай бағдарламасын жүзеге асыруда жыл қорытындысы бойынша жетекші орынды иеленді.

Бұл туралы «Ақтөбе ақпарат» орталығында өткен баспасөз конференциясында «Даму» қорының өңірлік филиалының директоры Жеделбек Мырзағалиев хабарлады. Оның айтуынша, облыс республика бойынша субсидиялау бойынша мақұлданған жобалар саны жөнінен 2-орынға, ал кепілдіктің мақұлданған келісімшарттары саны бойынша 1-орынға көтерілген.

— «Кең дала» өңірлік қаржыландыру бағдарламасы аясында барлығы 505,8 миллион теңгеге 43 жоба қаржыландырылды. «АқтөбеЖас Старт» өңірлік қаржыландыру бағдарламасы 182,1 миллион теңгенің 15 жобасын қамтыды. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы арқылы жүзеге асырылатын басқа қаржылық бағдарламалар бойынша кәсіпкерліктің 221 субъектісі 15,5 миллиард теңгеге қолдауға ие болды.

Жалпы 2016 жылдың қорытындысы бойынша «Даму» қоры арқылы мемлекеттік бағдарламалар аясында ақтөбелік кәсіпкерлер жалпы жиынтығы 33,1 миллиард теңгенің 529 қаржылық бағыттары бойынша қолдау алды, — деп қорытындылады Жеделбек Мырзағалиев.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button