Ресми

«Туған жерім — нұрлы елім» атты Ақтөбе қаласында өтетін Ырғыз ауданының күндері

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналған «Туған жерім — нұрлы елім» атты Ақтөбе қаласында өтетін Ырғыз ауданының күндері аясындағы мерекелік іс-шаралар бағдарламасы

 2 қыркүйек 2016 жыл

 10.00 — «Тарихқа тағзым». Қазақстан мен Ресей арасындағы достық келісімге қол қойылуының 285 жылдығына орай Ақтөбе қаласындағы Әбілқайыр хан ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі.

11.00 — «Ғұмырын халқына арнаған қайраткер» атты облыстық өнер музейінде мемлекет қайраткері Ұ.Құлымбетовтің туғанына 125 жыл толуына арналған мәдени-танымдық шара.

15.00 —  «Туған жерім — тұғырым» атты С.Бәйішев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында Ырғыз ауданында туып-өскен ғылым-білім, әдебиет, өнер саласындағы еңбек сіңірген тұлғалармен кездесу.

18.00 —  Ырғыз халық театрының «Жүрейік жүрек ауыртпай» атты Бексұлтан Жәкиевтің драмасының «Алақай» қуыршақ театрындағы қойылымы.

 3 қыркүйек 2016 жыл

9.00 — «Табыс» коммуналдық базарында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі, аудан өнерпаздарының концерті.

11.00 — «Үміт» балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған қайырымдылық шаралары.

— Алға балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған қайырымдылық шаралары.

— «Жайсаң» балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған қайырымдылық шаралары.

19.00 — Тұңғыш Президент атындағы орталық саябақта:

Өндірушілердің және халықтық қолөнер бұйымдарының көрмесі, ұлттық спорттық ойындар;

«Жармола жаңғырығы» атты театрландырылған көрініс.

20.00 — «Ырғызым — ырысым» атты аудан көркемөнерпаздары мен ырғыздық жерлестердің бірлескен мерекелік гала-концерті.

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button