ЖаңалықтарСпорт

Жерлесімізге жанкүйер болайық!

Бүгін Риода еркін күрес шеберлері жарыс жолына шығады. Олардың арасында қазақ балуандары – Ғалымжан Өсербаев пен Нұрислам Санаев бар.
Нұрислам Санаев (57 кг) – Олимпиадаға біздің облыс атынан қатысып отырған екі спортшының бірі.
Балуандарымыздың өнерін «Қазспорт» арнасынан тамашалай аласыздар. Көрсетілім жергілікті уақытпен сағат 17.55-те басталады. Нұрислам сағат 18.15 шамасында шығады.
Оның алғашқы қарсыласы – Владимир Хинчегашвили. Грузин балуаны тіпті де оңай қарсылас емес, дегенмен жерлесімізге сенеміз!
Сәттілік болсын!

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button