ЖаңалықтарСпорт

Дариға Шәкімова — жартылай финалда!

Рио-де-Жанейро Олимпиадасына дейін қазақ қыздары арасынан Олимпиада жүлдегері шықпаған болатын.

Сурет bnews.kz сайтынан алынды

 

Бұл жөніннен биылғы Олимпиада сәтті болып тұр. Қазақ қыздары әзірге үш жүлдеге ілігіп отыр. Солардың бірі — боксшы Дариға Шәкімова.

75 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Дариға ширек финалда мароккалық Хадиджа Мардиді жеңді.

Жартылай финалда ол АҚШ боксшысы, екі дүркін әлем чемпионы, Лондон Олимпиадасының жеңімпазы Кларесса Шилдспен кездеседі. Жекпе-жекті 20 тамыз күні 23.30-да (Ақтөбе уақыты) тамашалай аласыздар.

Сәттілік тілейміз!

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button