ЖаңалықтарСпорт

Эльмира — Олимпиада жүлдегері!

69 кг салмақ дәрежесінде қазақтар бокстан Олимпиада алтынын еншілеген күні нақ осы салмақта күрестін қазақ қызы Эльмира Сыздықова Олимпиада жүлдегері атанды.

Сурет sports.kz сайтынан алынды

Риодағы алғашқы белдесуінде ол ресейлік Наталья Воробьевадан жеңіліп қалды. Кейіннен Воробьеваның финалға шығуына байланысты, ережеге сай, біздің қызымыз қола жүлде үшін күресуге, яғни жарыс жолына қайта шығуға мүмкіндік алды. Алғашқы жұбаныш белдесуінде ол Насанбурнаа Очирбатты 3:2 есебімен жеңді. Одан соң қолаға күресте египеттік Энас Мостафа Юссеф Ахмедпен белдесті. Тәжірибелі Энас Мостафа Юссеф Ахмед Эльмираға тіпті де оңай қарсылас болған жоқ. Бірақ сабырлы, ойлы күрескен қызымыз одан айласын асыра алды. Эльмира қарсыласын 7:4 есебімен жеңді.

Эльмира Сыздықоваға дейін қазақтың балуан қыздары арасынан Олимпиада жүлдегері шыққан жоқ.

Бірақ оған дейін әйелдер күресінен қоржынымызға жүлде салғандар бар: 2008 жылы Пекинде — Елена Шалыгина (63 кг), ал 2012 жылы Лондонда Гөзел Манюрова (75 кг) жүлдегер атанды.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button