Ресми

Тағайындау

Облыс әкімінің міндетін атқарушы Асқар Шерияздановтың 2016 жылғы 9 тамыздағы өкімімен Кеңес Құрманғалиұлы Қанадбаев «Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы» ММ басшысы болып тағайындалды.

 

Кеңес ҚАНАДБАЕВ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1965 жылы туған. Орынбор мемлекеттік ауылшаруашылығы академиясын ветеринария, С.Бәйішов атындағы Ақтөбе университетін қаржы және қаржылық құқық мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Алғашқы еңбек жолын 1985 жылы Ақтөбе облыстық ауыл шаруашылығы басқармасында ветеринарлық техник қызметінен бастаған.

Әр жылдары облыстық агроөнеркәсіп комитеті, Ақтөбе қаласындағы ветеринарлық станциясында түрлі қызметтер атқарған.

«Ақтөбе қалалық ветеринариялық станциясы» МКК директоры, «Ақтөбе қаласы жер қатынастары бөлімі» ММ, «Ақтөбе қаласы ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ бас маманы,  ҚР «Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ақтөбе облыстық аумақтық инспекциясы» ММ бөлім басшысы қызметтерін атқарған.

2013 жылғы маусым айынан бері — ҚР «Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ақтөбе облыстық аумақтық инспекциясы» ММ басшысының орынбасары.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button