Ресми

Тағайындау

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың 2016 жылғы 11 шілдедегі өкімімен Алтынбек Аманұлы Әмірғалиев облыс әкімі аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды.

Алтынбек Аманұлы ӘМІРҒАЛИЕВ

 1967 жылы дүниеге келген. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын агроном, Алматы экономика және статистика институтын бухгалтер-экономист мамандығы бойынша бітірген.

Алғашқы еңбек жолын 1992 жылы Ақтөбе облысындағы Исатай (қазіргі Қобда) аудандық қаржы бөлімінде аға, бас маман қызметінен бастады.

Исатай (Қобда) аудандық халықты әлеуметтік қорғау бөлімінде меңгеруші, Қобда аудандық қаржы бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Қобда ауданы әкімінің орынбасары, Хромтау ауданы Тассай селолық округінің әкімі лауазымдарын атқарды.

Көші-қон комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментін, облыстық ауылшаруашылық басқармасын басқарды.

Әр жылдары Мәртөк және Ойыл аудандарының әкімі қызметінде болды.

2013 жылдың қараша айынан бері — облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button