ДенсаулықЖаңалықтар

600 дәрігердің үлгісі

Акция

ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев атындағы саябақта «Денсаулық фестивалі-2016» акциясы өтті. «Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз!» ұранымен ұйымдастырылған шараға шаһардағы медицина мамандары қатысты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мақсат — жұртшылықты салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, бұқаралық спортты дамыту. Шара барысында 600-ге жуық денсаулық сақтау саласының өкілі бір мезгілде жаттығу жасап, артынша темекінің зияны туралы мәліметтер беретін көрмені тамашалады.

— Жеткіліксіз дене белсенділігі әлемде өлім-жітімнің маңызды қауіп-қатер факторлары бойынша 4-ші орын алады. Жыл сайын соның салдарынан 3,2 миллион адам көз жұмады. Әрі бұл жүрек-қантамыр, обыр, қант диабеті секілді аурулардың өршуіне әсер етпей қоймайды. Жалпы, 5-17 жастағы адамдар күн сайын 60 минут, ал одан жоғары жастағылар үшін 150 минут бойы бірқалыпты және жоғары қарқынды дене белсенділігі ұсынылады. Дене белсенділігіне тек қана осылай жаттығу жасау жатпайды, ең болмаса жаяу жүрсеңіз де жетіп жатыр, — дейді «Арасан Ақтөбе» ЖШС-ның директоры Дәмеш Қайдарова.

Сондай-ақ, дәстүрлі акция барысында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев дәрігерлер арасында өткен спартакиаданың жеңімпаздарын марапаттады.

 Айбек СЕРІКҰЛЫ.

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button