БілімӘлеумет

Баланың оқуына ақша жинақтаудың жаңа тетігі

2013 жылдан бастап елімізде мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі жүзеге асырылып жатыр. Жүйе Қазақстан Республикасының әр азаматына өзінің атына немесе баласының атына білім беру жинақтау салымын ашып, оны болашақта Қазақстанның және шетелдердің колледждері мен ЖОО-ларында оқудың ақысын төлеу үшін жұмсауға мүмкіндік береді. Жүйенің операторы —

«Қаржы орталығы» АҚ.

Қазір 14 760-қа жуық білім беру жинақтау салымы ашылды.

Білім беру жинақтау салымына МБЖЖ-ға қатысушы банктен ай сайын жылдық 10 пайыз сыйақы мен жыл сайын мемлекеттен 5 пайыз немесе 7 пайыз (жеңілдікті санаттағылар үшін) сыйлықақы есептеледі.

Білім беру жинақтау салымының артықшылықтары: мемлекет сыйлықақысына табыс түрі ретінде салық салынбайды;  білім беру жинақтау салымдары 10 млн теңгеге дейін қазақстандық салымдарды кепілдендіру қорының нысаны болып табылады.

Ең төменгі бастапқы жарна —  3 айлық есептік көрсеткіш (2016 жылы 1 АЕК — 6 363 теңге). Жинақтау мерзімі —  20 жылға дейін.

Мемлекеттің атынан ҚР БҒМ «Қаржы орталығы» АҚ-ның 100 пайыз кепілдігімен банктен білім беру кредитін алу мүмкіндігі бар.

Білім беру гранты тағайындалған салымшының құқығы: жинақты мемлекет сыйлықақысымен бірге алу; ақшаны басқа баланың атына аудару; білімнің басқа деңгейлерін алу үшін жинақтауды жалғастыру.

Білім беру жинақтау салымын ашу үшін қажетті қадамдар:

1-қадам — МБЖЖ-ға қатысушы банктердің бірін таңдау;

2-қадам — Білім беру жинақтау салымын ашу;

3-қадам — Бастапқы жарнаны енгізу;

Қажетті құжаттар: ата-ананың бірінің жеке куәлігі; баланың туу туралы куәлігі және ЖСН.

 Бексұлтан БАБАЖАН.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button