Ресми

Ақтөбе облысының «Ішкі саясат басқармасы» ММ БАҚ өкілдері үшін «Журналистиканы дамытуға қосқан үлесі үшін» үздік жұмыс конкурсын жариялайды

Байқау облыс журналистикасының дамуына, әлеуметтік-экономикалық реформаларды жариялауға, ішкі саяси тұрақтылық және қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған.

Байқауға қатысу үшін 2016 жылғы 1 қаңтардан 20 маусымға дейін жарияланған немесе эфирге шыққан материалдар, сондай-ақ жарияланымдар циклдері ережеде көрсетілген номинациялар бойынша қабылданады.

 Ақтөбе облысы әкімінің

«Журналистиканы дамытуға қосқан үлесі үшін»

сыйақысы туралы ереже

 

  1. Облыс әкімінің сыйақысы облыс журналистикасының дамуына, әлеуметтік-экономикалық реформаларды жариялауға, ішкі саяси тұрақтылық және қоғамдық келісімді нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін беріледі.
  2. 10 номинация бойынша сыйақылар маусым айында Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні қарсаңында тапсырылады.

 

Жалпы номинациялар:

  1. ҚР Президентінің «Қазақстан — жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» Жолдауының жүзеге асырылуын жариялау
  2. «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жариялау
  3. ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы
  4. Жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықпен қарсы күрес барысын жариялау
  5. Қазақстан — бейбітшілік және келісім аумағы
  6. Интернет-журналистикасының дамуы, әлеуметтік желілердегі белсенді жұмыс
  7. Еңбек адамы (жұмысшы мамандардың мәртебесін көтеру)
  8. «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін ілгерілету, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру

 

Телеоператорлар мен фототілшілерге арналған номинация

  1. Объективтегі өмір

 

Аудандық БАҚ-қа арналған номинация

  1. Өңірдің және елдің тірегі

 

Қандай да бір нақты номинациялар бойынша лайықты жеңімпаздар анықталмаған жағдайда, комиссия осы номинацияға белгіленген қаржыны басқа номинацияларға бөлуге немесе ынталандыру сыйлықтарына жұмсауға құқылы.

  1. Облыс әкімі сыйақысына үміткерлердің кандидатураларын бұқаралық ақпарат құралдарының редакциялары ұсынады немесе өзін-өзі ұсынады. Конкурстық құжаттар (ұсыныстар, өмірбаян, мінездемелер, шығармашылық материалдар) 20 маусымға дейін Ішкі саясат басқармасына тапсырылады.
  2. Соңғы 3 жыл ішінде облыс әкімінің жүлдесіне ие болған журналистердің жұмыстары қарастырылмайды.
  3. Бір үміткер екі не одан көп номинацияға ұсынылмайды.
  4. Конкурсқа тұрақты негізде жұмыс істейтін журналистер қатыса алады.
  5. Сыйақымен марапаттау туралы шешім комиссия құрамының 2/3 кем емес мүшелері қатысқан мәжілісте көпшілік дауыспен қабылданады.

Сондай-ақ, комиссия мүшелері облыс әкіміне Ақтөбе облысының грамоталарымен марапаттауға лайық үміткерлер туралы  ұсыныстар жасайды.

  1. Сыйақыға ұсыну кезіндегі негізгі критерийлер:

1) ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуға, қазақстандық патриотизмге, азаматтық жауапкершілікке тәрбиелеуге қосқан үлесі;

2) мемлекеттік саясатты тиімді ақпараттық қамтамасыз ету;

3) жаңашылдық, кәсіби әлеуетін көрсетуі;

4) дәстүрлі тақырыптарды жаңаша тұрғыда ұсынуы.

  1. Комиссия мүшелері конкурсқа жіберілмейді.
  2. Сыйақылардың көлемін облыс әкімі белгілейді.
  3. Сыйақыларды Ақтөбе облысының әкімі тапсырады. Сыйлықпен бірге «Ақтөбе облысы әкімі сыйақысының лауреаты 2016» дипломы беріледі. Сыйақыларды тапсыру рәсімін ішкі саясат басқармасы әзірлейді.

Байқауға қатысу үшін материалдар мына мекенжай бойынша қабылданады: 030010, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы 40, 304 – бөлме, тел: 56-70-47.

 

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button