Ресми

АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ «ІШКІ САЯСАТ БӨЛІМІ» ММ БАҚ ӨКІЛДЕРІ ҮШІН СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҮЗДІК ЖҰМЫС КОНКУРСЫН ЖАРИЯЛАЙДЫ

 Байқау, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайтуға бағытталған.

Байқауға қатысу үшін  2016 жылғы 1 қаңтардан 17 маусымға дейін жарияланған немесе эфирге шыққан материалдар, сондай-ақ жарияланымдар циклдері қабылданады. Байқауға ұсынылатын жұмыстардың саны шектелмейді.

Материалдар казақ немесе орыс тілдерінде төмендегі номинациялар бойынша қабылданады:

–         «Үздік телевизиялық жұмыс»;

–         «Үздік баспа жарияланымы»;

–         «Үздік интернет жарияланымы».

Байқау комиссиясы қатысушылардың материалдарын 2016 жылдың 17 маусымын қоса алғанда дейін қабылдайды. Байқаудың нәтижесі құжаттар қабылдау рәсімі аяқталғаннан кейін қорытындыланатын болады.

Байқаудың нәтижесін қорытындылау кезінде келесі аспектілер ескерілетін болады:

–         материалдардың өзектілігі және көрсетілген тақырыпқа сәйкестігі;

–         мәселені талдаудың жаңашылдығы мен тереңдігі, оның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға әсері;

–         мазмұндау стилі;

–         авторлық тұжырымдаманы беру мәнері және дербестігі.

Байқауға қатысу үшін материалдар мына мекенжай бойынша қабылданады: 030000, Ақтөбе қаласы,  Ахтанов көшесі, 50, 44-бөлме, тел.: 40-41-26, 21-97-60.

 

Ақтөбе қаласының бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру тақырыбындағы үздік журналистік жұмыстарға байқау туралы

ЕРЕЖЕ

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Бұқаралық ақпарат құралдары (бұдан әрі – БАҚ) өкілдері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыбындағы үздік журналистік жұмыстарға байқау (бұдан әрі – Байқау) қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту мақсатында өткізіледі.
  2. Жеңімпаздарды айқындау Байқау комиссиясының шешімімен жүзеге асырылады. Комиссиясының құрамына басқа мемлекеттік органдардың және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кіреді.

 

  1. Байқауға қатысу шарттары

 

  1. Ақтөбелік БАҚ журналистерінің барлығы байқауға қатысуға шақырылады.
  2. Байқауға қатысу кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтауға және нығайтуға бағытталған  материалдар қабылданады.

2016 жылдың 1 қаңтарынан 2016 жылдың 17 маусымына дейін Ақтөбе қаласының хабар тарататын немесе таралған аумағында, жарияланған не эфирге шыққан БАҚ материалдары, сонымен қатар жарияланым циклдері қабылданады.

  1. Ұсынылатын конкурстық жұмыстардың саны шектелмеген.
  2. Байқау тақырыбына сәйкес емес және талаптарға сай келмейтін материалдар, ұсыну мерзімі аяқталғаннан кейін келіп түскен жұмыстар байқауға жіберілмейді. Байқауға ұсынылған материалдар қайтарылып берілмейді.

 

  1. Байқаудың өту кезеңдері

 

  1. Байқау туралы хабарландыру.
  2. Байқау материалдарын қабылдау.

Жарияланымдар түпнұсқа немесе материалдардың ксерокөшірмесі түрінде (басылымның атауы, күні және автормен байланыс жасау мәліметтері толық көрсетіле отырып) ұсынылуы тиіс.

Дыбыс-бейнелік  жұмыстар эфирлік анықтамамен бірге телевизиялық бағдарламаның көшірмесі түрінде (cd/dvd дискілерінде, flash-тасымалдаушыларында) ұсынылуы тиіс.

Ақпараттық агенттіктердің журналистері жарияланған материалдардың көшірмесін интернет-сайтта орналастырылғанын растап жолдауы қажет.

Материалдар мемлекеттік немесе орыс тілдерінде қабылданады. Ағымдағы жылдың 17 маусымы – байқауға  материалдарды қабылдаудың соңғы күні.         Ұсынылатын материалдарға мыналар қоса беріледі: журналист туралы қысқаша өмірбаяндық ақпарат, 3х4 мөлшеріндегі фотосуреті, ақпараттық материалдар тізімі.

Конкурстық материалдар 2016 жылдың 17 маусымына дейін «Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ мекенжайына келіп түседі.

  1. Байқау материалдарын қарау.

Байқау материалдарын қарауды материалдарды қабылдау аяқталғаннан кейін байқау комиссиясы жүзеге асырады.

Байқау комиссиясы ұсынылған материалдарды келесі шарттар бойынша қарайды:

1) көрсетілген тақырыпқа сәйкестігі;

2) мәселені талдаудың тереңдігі және оның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға әсері;

3) мазмұндау стилі;

4) авторлық тұжырымдаманың дербестігі.

  1. Қорытындылау.

Жеңімпаздарды жариялау келесі номинациялар бойынша бірінші, екінші, үшінші орын алған үздік жұмыстарды анықтайтын Байқауды жалпы қорытындылау аясында іске асырылады:

1) Үздік телевизиялық жұмыс;

2) Үздік баспа жарияланымы;

3) Үздік интернет жарияланымы.

 

  1. Байланыс ақпараты

 

030000, Ақтөбе қаласы, «Ақтөбе қаласы ішкі саясат бөлімі» ММ, Т.Ахтанов көшесі, 50, №44 бөлме, тел: 40-41-26, 21-97-60.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button