Білім

ЖОҒАРЫ ҰПАЙ — 124 БАЛЛ

ҰБТ

 Облыс бойынша үш күнде 3741 бала ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты. Қазір барлық аудандарда тестілеу өткізіліп болды. Соңғы сынақ Ақтөбе қаласында өтеді. Әзірге жоғары ұпай — 124 балды Мұғалжар ауданы А.Жұбанов мектебінің «Алтын белгі» иегері Қалыбек Құлшар жинады.

Сондай-ақ облыстық білім басқармасының мәліметі бойынша, 50 балл жинай алмаған түлектер тестті қайта тапсыра алады. Ал түлек елу ұпайдан жоғары жинаса, қайта тапсыруға жіберілмейді. Төрт пән, яғни қазақ тілі (орыс тілі), математика, Қазақстан тарихы және соңғы таңдау пәні бойынша елу балдан төмен жинағандар ғана қайта тапсырады және таңдау пәнінен 7 ұпай жинауы тиіс.  Ал екі алғандар қайта тапсыруға жіберілмейді. Олар емтиханнан өтіп, колледжге түсуіне немесе келер жылы тестті қайта тапсырып, жоғары оқу орнына бара алады. Егер түлек үш және одан да көп екі алса, тек қана мектеп бітіргені жөнінде анықтама алады. Ал келер жылы қайта емтихан тапсырып, аттестат алады. Жалпы қандай жағдай болмасын түлектердің барлығына аттестат алуына мүмкіндік бар. Сырқаттанып қалған түлектер сынақты шілде айында тапсырады. Ал қайта тапсыратын түлектер шілдеде өтініш беріп, тамызда қатысады.

Ол үшін түлектің  өтініші мен 3х4 сурет және аттестаты қажет. Сондай-ақ 2242 теңге төлейді.

 Кәмшат ҚОПАЕВА.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button