Жаңалықтар

Бала еңбегін қанауға жол жоқ

Акция

Жыл сайын еліміздің барлық өңірлерінде 1-12 маусым аралығында «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» ұлттық ақпараттық науқан өткізіледі.
Аталған науқан республикалық «Қазақстан балалары — нұрлы болашақ» акциясы аясында ұйымдастырылады. Биыл бұл шара «Біз бақытты балалық шақ үшін» ұранымен 11-рет өткізіліп жатыр.
Шараның негізгі мақсаты — бала еңбегін қанауға жол бермеу.
— Осыған байланысты облыс әкімінің орынбасары Асқар Шерияздановтың бекітуімен негізгі акцияға байланысты жоспар құрылды. Ақпараттық науқан шеңберінде облыс бойынша мектеп жанындағы және қала сыртындағы жазғы лагерьлерде түрлі іс-шаралар өткізіледі. Мұндай ауқымды рейдтік шараларда балалар мен ата-аналарға, мұғалімдерге түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, — дейді облыстық білім басқармасының бас маманы Райхан Нұрхожаева.
Аталған шара барысында дөңгелек үстелдер, конференциялар, тақырыптық көрмелер, балалардың сурет байқауы, түрлі пікірталастар ұйымдастырылады. Сондай-ақ, «Отбасында зорлық-зомбылыққа жол жоқ», «Түнгі қаладағы балалар», «Жасөспірім», «Көше» атты кең ауқымды шаралар өткізілу жоспарланып отыр.

Баян АБАТҚЫЗЫ,
А.Байтұрсынов атындағы
Қостанай мемлекеттік университетінің 2-курс студенті.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button