Ресми

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік — қиялымның қанаты» атты облыстық шығармалар байқауының ЕРЕЖЕСІ

Ақтөбе облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы
С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы

 

1. Жалпы ережелер

• ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік — қиялымның қанаты» атты жас
таланттылар арасында облыстық шығармалар байқауы өткізіледі.
• Байқауды ұйымдастырушылар: «Ақтөбе облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» ММ «С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы» КММ болып табылады.
Байқау Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында өткізіледі.

2. Байқаудың мақсаттары мен міндеттері

• ҚР Тәуелсіздік алған жылдан бері еліміздің жетістіктерін жырлау;
• жастардың бойында отаншылдық сезімдерін қалыптастыру, еліміздің негізгі тарихи құндылықтарына өзінің ортақтастығын сезінуге көмектесу; Тәуелсіз бейбіт елдің қадір-қасиетін ұғындыру;
• жастар арасында ақындық өнерді насихаттау, оның ішінде жазба ақындықтың деңгейін биіктету;
• жастардың шығармашылық қабілеттіліктерін, көркемдік-эстетикалық дүниетанымын ашу, дамыту және қолдау;
• жастарды тарих туралы кітаптарды оқуға тарту арқылы Отанға деген сүйіспеншілік және шын берілгендік сезімдерін, өз елі мен оның жетістіктері үшін мақтаныш сезімдеріне тәрбиелеу;
• жастар арасында бос уақытты маңызды өткізу түрлері мен әдістерін жетілдіру, өнерлі шығармашыл жастардың білімін көтеру, өнерге баулуда белсенділігін арттыру.

3. Байқауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі, мерзімі

• 2016 жылдың 1 шілдесі мен 31 қазан аралығында С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында байқау жұмыстары қабылданады.
• 1-14 желтоқсан айы аралығында қазылар алқасының сараптау жұмысы, жеңімпаздарды марапаттау рәсімі жүргізіледі.
• Байқаудың қорытындысы желтоқсан айында шығарылады.

4. Байқаудың шарттары

• Байқауға облысымызда тұратын 14-21 жас аралығындағы жастар қатыса алады;
• Байқауға А4 форматтағы Times New Roman 14 шрифтімен және қара түспен терілген өлеңдер тапсырылуы тиіс;
• Тақырыпқа сай және еркін тақырыптағы өзі жазған өлеңдер қабылданады;
• Байқаудың тақырыбынан ауытқымауы тиіс;
• Автордың өлең арқылы өз ойын жеткізе білуі;
• Көркемдік жағынан әсерлі болуы, ұйқасының ұтымдылығы бағаланады;
• Көшірме болып табылатын авторлық емес жұмыстар байқауға қабылданбайды;
• Байқауға келіп түскен өлеңдер алдын ала қазылар алқасының талқылауынан өтіп, іріктеледі.
Сұрыптаудан өткен өлеңдер ғана облыстық байқаудың қорытынды кешіне шақырту алып, марапаттау салтанатына қатыса алады. Марапаттау кешінде жүлделі орындарға және ынталандыру орындарына ие болған өлеңдерін авторлары өз шығармаларын мәнерлеп жатқа оқуларына мүмкіндік болады.

5. Өтініштерді рәсімдеуге қойылатын талаптар және қабылдау

• Толтырылған өтініште байқауға қатысушының аты-жөні, туған жылы,
фотосуреті, оқу орнының толық атауы, курсы (класы), жұмыс орны, мекенжайы, телефон нөмірі көрсетілуі тиіс;
• Қатысушы өзі жазған өлеңінің басына тақырыбын және өзінің аты-жөнін көрсетуі тиіс;
• Өлеңдер мен өтініштер 2016 жылдың қазан айының 31-не дейін С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында қабылданады.
Мекенжайымыз: Ақтөбе қаласы, индекс 030007,
Прохоров көшесі, 11-үй.
Тел./ факс 7(7132) 50-44-48, 53-01-10
Кітапхана сайты: www. Aktobeoub.kz.
Электронды пошта: labrari@mail.ru.

6. Байқауды қорытындылау

• Қазылар алқасы жабық қорытындылау үрдісін жүргізеді.
• Қорытындылауға қатысушылар қатыстырылмайды.
• Байқауға тапсырылған жұмыстар қайтарылмайды және оған ой-пікір айтылмайды.
• Байқаудың қорытындысы бойынша I, II, III және жүлделі орындар анықталады.
• Жеңімпаздар арнайы Алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Жеңімпаздарды марапаттау

• Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында 2016 жылдың 14 желтоқсан күні сағат 11.00-де өтеді.
• Байқаудың жеңімпаздары туралы хабарлама кітапхананың сайтында www.aktobe oub.kz. және БАҚ-да жарияланады.
• Байқаудың қорытындысы бойынша «Тәуелсіздік — қиялымның қанаты» атты жинақ басып шығарылады.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button