БілімЖаңалықтар

Биыл 5 мыңға жуық түлек ұбт сынағына қатысады

2015-2016 жылғы оқу жылының қорытындылары бойынша облысымызда орта мектепті 6510 оқушы тәмамдап, олардың ішінде 4820 түлек ҰБТ сынағына қатысуға тілек білдіріп отыр.

Облыс әкімдігінде өткен кеңесте Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық барысы талқыланды. Биылғы ҰБТ сынақтары маусымның 3-і мен 6-сы аралығында өткізіледі.

Облыс аумағында 15 жерде ҰБТ сынақтарын тапсыру қосындары жұмыс жасайды. Оның 12-сі аудан орталықтарында, 3-уі Ақтөбе қаласында орналасқан. Тест тапсыратын орындарда қажетті жағдайдың барлығы жасалған.

Мемлекет бірыңғай тестілеуге дайындық пен оны өткізуге қыруар қаржы бөліп отыр. Педагогтар үшін барлық жағдай жасалуда, алайда ҰБТ тапсырғысы келетін түлектердің саны жыл өткен сайын азайып келеді. Бұл нені білдіреді? Мектеп директорлары мен оқытушылардың жұмысы нашар екенін көрсетеді. Олардан қайтарым болуы керек. ҰБТ-ға сапалы дайындық қажет, — деді жиында сөз алған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

Облыс әкімі тест тапсыру қосындарындағы дайындық шараларын күшейтуді тапсырды.

Жиында сондай-ақ аудан әкімдерінің үміткерлердің тест тапсыру құқықтарының сақталуын және оларды тест тапсыру қосындарына дейін жеткізу қауіпсіздігін қамтамасыз етулері керектігі айтылды.

Өткен жылғы ҰБТ сынағында Хромтау ауданы түлектерінің 27,6 пайызы ең шекті балды жинай алмаған. Ал Алға және Әйтеке би аудандарында жоғары оқу орнына құжат тапсыру үшін қажет ұпайды жинай алмаған оқушылардың үлесі, сәйкесінше, 23,4 және 24,4 пайызды құрады.

 «Ақтөбе ақпарат» орталығы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button