Жаңалықтар

Балалар Ақтөбеде демалады

Облыс әкімі Бердібек Сапараев «Ақбөбек — Восток» балаларды сауықтыру мекемесіне барды. Ол Ақтөбедегі лагерьлерде көрші аймақтардан келген балалардың да демалуы керектігін айтты.

«Ақбөбек» сауықтыру орталығының құрылтайшысы Күлпаршын Айдарханованың айтуынша, бұл мекеменің балалардың жазғы демалысын ұйымдастырып келе жатқанына — 16 жыл. Осы уақыт ішінде лагерьде 15 мың бала демалған.

«Ақбөбек — Восток» кешені табиғаты сұлу алқапта орналасқан.15 гектар жерді алып жатыр. Лагерьге тиесілі аумақ түнде жарықтандырылып, тәулік бойы күзетіледі. Жазда алты кезең бойынша лагерь ұйымдастырылып, әр кезеңде 250 бала демала алады. Балалармен жұмыс тәжірибелі ұжымға тапсырылады. Жыл сайын жаз мезгілінде  мұғалімдер мен студенттер үшін 50 жұмыс орны ашылады.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев лагерьді аралап шыққаннан кейін:

— Мұнда оқушылардың жазғы демалысты жақсы өткізуі үшін барлық жағдай жасалғанына көз жеткіздім. Лагерьге өз облысымыздағы аудандардың, сонымен бірге, аймақаралық кооперация аясында, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау облыстарының оқушылары келіп, демалулары керек, — деді.

Тынығушыларға мұнда көкөніс, жеміс-жидек, шырын, басқа да құнарлы тағамдар ұсынылады. Сондай-ақ, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген медициналық блок, кинозал, концерт, спорт алаңдары, бейнелеу өнері, дизайн,  экстрим, дойбы-шахмат үйірмелері бар.

2015 жылы мұнда ағаштар мен тіректерге орналастырылған аттракциондар саябағы ашылды, биыл саябақтың екінші кезеңі іске қосылады.

Облыс басшысы, сондай-ақ, «Мұнайшы» сауықтыру лагерінде де болды.

 «Ақтөбе ақпарат» орталығы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button