Мереке

108 балаға ақшалай сыйлық берілді

1 маусым — Балаларды қорғау күніне орай  «Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы — Ақтөбе ферроқорытпа зауытының ұжымы 108 балаға ақшалай сыйлық жасады. Бұл шараға кәсіпорын қазынасынан 3,5 миллион қаражат бөлінді.

Жыл сайын металлургтер кішкентай патшалардың төл мерекесі қарсаңында түрлі сый-сияпат жасайды. Биыл да бұл шара өз жалғасын тапты. Мереке қарсаңында  ата-анасы еңбек міндетін орындау кезінде қаза болған жұмысшылардың балаларына, яғни үш баланың әрқайсысына  35 мың теңге көлемінде, және  31 мүмкіндігі шектеулі, 74 көпбалалы отбасының балғындарына 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде  сыйақы берілді. Сондай-ақ 40  балақайға тәттіге толы қалталар таратылды. Ал дәл мереке күні  балалар үшін Металлургтер мәдениет үйінің алаңында  мерекелік концерт ұйымдастырылып, театрландырылған көрініс қойылады.

 Кәмшат ҚОПАЕВА.  

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button