ДенсаулықЖаңалықтар

Ақтөбелік хирургтер миға күрделі ота жасады

Жедел жәрдем ауруханасының нейрохирургтері жаңа аппараттың көмегімен ми ісігіне шалдыққан бір адамға ота жасады.

Аурухананың нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі Мақсат Оразжановтың айтуынша, нейрохирургиялық навигатор Мәскеу қаласынан әкелініпті.

Мәскеуден арнайы мамандар аппаратты әкеліп, қалай ота жасау керектігін үйретті. Бұндай құрлығы ми ісігіне ота жасауда өте тиімді. Навигатор ісіктің қай жерде орналасқанын анықтап, дәл табады. Бұрынғыдай ісікті білу үшін миды зақымдамаймыз, яғни ота оңай жасалады. Құрылғыны мәскеулік мамандар тек  үш күнге әкеліп отыр. Үш күн ішінде біз үйреніп қалуға тырысып жатырмыз. Аппарат өте қымбат тұрады. Соған қарамастан алдағы уақытта сатып алу жағы қарастырылады. Бұл аппарат арқылы тек миға ғана емес, басқа да ағзаларға ота жасауға мүмкіндік бар. Мәселен, жұлынға да ота жасауға болады, — деді бөлім меңгерушісі.

Алғашқы ота 1979 жылғы азаматшаға жасалған. Ота сәтті өтіпті. Науқастың жағдайы қалыпты. Отаны облысқа белгілі нейрохирургтер, профессор Михаил Бирючков пен Мақсат Оразжанов жасады.

Жалпы аталған аппарат еліміз бойынша Алматы мен Астана қаласында ғана бар. Ми ісігінің күрделі түріне шалдыққан науқастарды ақтөбелік дәрігерлер Астана қаласына жібереді.

 Кәмшат ҚОПАЕВА.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button