Спорт

Қақпа құлпы ашылмады

Премьер-Лига

9-турда алғашқы үштікті түйіндеп тұрған «Оқжетпес» қатарынан екінші рет ұтылды. Сегіз тур бойы жеңіске жете алмай келе жатқан «Тараз» тағы да жеңілді. Әлі жеңіліп көрмеген «Астана» мен «Ертіс» кезекті рет жеңіске жетті.

Бұған дейін қатарынан үш рет жеңілген «Ақжайықтың» шегінер жері қалмаған еді. Сол ойындарда кеткен кемшіліктер әбден сарапталса керек, оралдықтар бұл жолы жанкүйерлерінің көңілін тең ойынмен бір демеп қойды. Жарақат алып қалған Самат Смақовтың бірінші таймның ортасында жасыл алаңды тастап шығуы да алаң иелерін бір уайымнан құтқарғаны даусыз.

Рас, бұл кездесуде де жерлестеріміз қарсыластар қақпасының кілтін табудың жолдарын біраз іздестірді. Бірақ, мойындау керек, «Ақтөбенің» шабуыл шебі әзірге қалыптаса алмай келеді. Орайлы сәттерге дөп түскенімен Илья Михалев нысананы дәл көздеудің құпиясына бойлай алмай жүр, екі рет тиімді сәтті пайдалана алмай қалды. Михаил Петролайдың тәуір соққысы да жібек торға жетпей қойды.

Әрине, бұл жолы бұрын ескерту қағазына байланысты ойыннан шеттетілген, жарақат алып қалған футболшылары қатарға қайта қосылған, сөйтіп, қуаттанып алған «Ақжайық» та азу тісін көрсетті. Дегенмен алма-кезек қауіпті соққылар алмасқанымен екі жақтың да шабуылшылары қақпаның құлпын аша алмады.

Тең ойын нәтижесі «Ақтөбені» турнир кестесінде бесінші орынға шығарды.

«Ақжайық»-«Ақтөбе» — 0:0

Ескерту қағазын алғандар: С.Колуния, 50-минут; П.Говедарица, 73-минут; С.Шевцов, 80-минут («Ақжайық») — Т.Жаңғылышбай, 85-минут; В.Крюков, 86-минут («Ақтөбе»).

«Ақжайық»: Роман Багаутдинов, Предраг Говедарица (капитан), Саша Колуния, Фредди Коронел, Олег Хромцов (Руслан Валиуллин, 76-минут), Эльдар Абдрахманов, Алексей Мальцев (Қуаныш Бегалин, 65-минут), Бауыржан Омаров, Ізім Сәрсекенов (Сергей Шевцов, 61-минут), Эдуард Сергиенко, Антон Шурыгин.

«Ақтөбе»: Самат Отарбаев, Куасси Куаджа, Михаил Петролай, Егор Сорокин, Марат Ситдиков, Никита Бочаров, Илья Михалев (Сандро Цвейба, 46-минут), Дидар Жалмұқан (Тоқтар Жаңғылышбай, 69-минут), Асланбек Кәкімов, Виктор Крюков, Самат Смақов, капитан (Мұрат Тілешев, 24-минут).

4 мамыр. Орал. «Ақжайық» стадионы. 3000 адам.

*   *   *

 

Басқа кездесулер:

«Оқжетпес»-«Астана» — 0:1

Гол авторы: Джордже Деспотович, 74-минут (0:1).

«Тараз»-«Шахтер» —1:2

Гол авторлары: Сергей Скорых, 71-минут (0:1); Андрей Финонченко, 76-минут (2:0);  Бауыржан Байтана, 90-минут (1:2).

«Ертіс»-«Тобыл» — 3:1

Гол авторлары: Джибби Фалль, 26-минут (1:0); Нұрбол Жұмасқалиев, 44-минут (1:1); Роман Муртазаев, 72-минут (2:1); Гогита Гогуа, пенальти, 76-минут (3:1).

«Атырау»-«Ордабасы» — 2:2

Гол авторлары: Филип Касалица, 5-минут (0:1); Пшемыслав Трытко, 45-минут (1:1); Ренат Абдулин, 51-минут (1:2); Пшмыслав Трытко, 86-минут (2:2).

«Қайрат»-«Жетісу» — 2:0

Гол авторлары: Бауыржан Тұрысбек, автогол, 25-минут (1:0); Леандре Твамба, 72-минут (2:0).

*   *   *

 

9-турдың нәтижелері:

Бұл турда 14 гол соғылды. 1,7-турларда да қақпаларға осы тәрізді 14 гол соғылған болатын.

Алаң иелері 8 гол соқса, қонақтар 6 доп өткізді.

Биылғы чемпионатта алғаш рет 6 ойында бірде-бір есеп қайталанған жоқ.

2 кездесуде алаң иелері, 2 ойында қонақтар жеңді, 2 кездесу тең есеппен аяқталды.

Ең шапшаң гол 5-минутта соғылды: Филип Касалица («Ордабасы»).

Кездесулер барысында 18 ескерту қағазы көрсетілді.

Мергендер көшінің басында 6 гол соққан Роман Муртазаев («Ертіс») тұр.

Чемпионат басталғалы 53 кездесу өтті. 25 ойында алаң иелері жеңіске ие болса, 15 тайталаста қонақтар басым түсті, 13 кездесу тең есептермен аяқталды. Қақпаларға 113 гол соғылды (алаң иелері — 64, қонақтар — 49), сөйтіп, әр кездесуде қақпаларға орта есеппен 2,13 гол енді. Бұл турда чемпионат басталғалы 1:0 есебі он бесінші рет, 0:0 есебі бесінші рет қайталанды.

 

Біздің мергендеріміз:

Самат Смақов — 4 гол (үшеуі — он бір метрлік айып добы);

Никита Бочаров — 2;

Бобир Давлатов — 1;

Тоқтар Жаңғылышбай — 1;

Асланбек Кәкімов — 1.

 

ТУРНИР КЕСТЕСІ

 

Команда          О     Ж    Т    Ұт    Д        Ұп

 

1.Астана           9      8      1     0     14-5      25

2.Ертіс              9      7      2     0      20-4     23

3.Оқжетпес      9      5      1     3      11-5     16

4.Ордабасы      9      4      2     3      12-13    14

5.Ақтөбе           9      3      3     3      9-12     12

6.Тобыл            8     3      2      3      11-10    11

7.Қайрат           9     3      2      4      9-7        11

8.Шахтер          7     2      3      4      4-9        9

9.Атырау          8     1      4      3      5-9        7

10.Ақжайық     9     2      1      6      3-11      7

11.Жетісу          9      1     3      5      8-15      6

12.Тараз            9      1     2      6      7-13      5

 

*О — ойын, Ж — жеңіс, Т — тең, Ұт — ұтылыс, Д — доп айырмашылығы, Ұп — ұпай.         

*   *   *

 

9 мамыр, дүйсенбі күні өтетін 10-турда «Ақтөбе» өз алаңымызда «Атырау» командасын қабылдайды.

Басқа ойындар:

9 мамыр, дүйсенбі

«Ертіс» (Павлодар) — «Тараз» (Тараз)

«Ордабасы» (Шымкент) — «Шахтер» (Қарағанды)

10 мамыр, сейсенбі

«Тобыл» (Қостанай) — «Қайрат» (Алматы)
«Жетісу» (Талдықорған) — «Оқжетпес» (Көкшетау)
«Астана» (Астана)— «Ақжайық» (Орал)

 Ертай АШЫҚБАЕВ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button