Ресми

ТАҒАЙЫНДАУ

Ақтөбе қаласы әкімі Бекбол Сағынның өкімімен қала әкімінің орынбасары болып Нағымжан Алдияров тағайындалды

 Нағымжан Смағұлұлы АЛДИЯРОВ

 Нағымжан Алдияров 1975 жылы туған. Білімі жоғары, М.Тынышбаев атындағы мемлекеттік қазақ көлік және коммуникациялар академиясын теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру инженері біліктілігі бойынша,  Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін  экономика бакалавры біліктілігі бойынша аяқтаған.

«Аққайың» өндірістік кооперативінің аға бухгалтері, «Казагроөнеркәсіптікбанкі» АҚ маманы, «Багаж тасымалдары» Батыс учаскесі филиалы Ақтөбе станциясында жүк қабылдап тапсырушы, Ақтөбе бөлімі Жіңішке станциясының пойыз құрастырушысының көмекшісі,  Маржанбұлақ селолық округінің әкімі, Алға қалалық округінің әкімі, Алға ауданы әкімінің орынбасары болып қызмет атқарды.

Осы лауазымға тағайындалғанға дейін «Ақтөбе қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысы болып жұмыс жасады.

 

 

 

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button