Ресми

Облыстың көлік прокуроры тағайындалды

Үстіміздегі жылдың 13 сәуірінде Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры Асхат Дауылбаевтың бұйрығымен  Абылайбек Асылбекұлы Ордабаев Ақтөбе көлік прокуроры болып тағайындалды.

Абылайбек Ордабаев  1978 жылы туған, прокуратура органында  жинақтаған мол тәжірибесі бар. Прокуратура  саласындағы еңбек жолын 2003 жылы Орал және Ақтөбе көлік прокурорлары көмекшісінің міндетін атқарушы болып бастады. Ақтөбе көлік прокурорының көмекшісі, Қандыағаш  көлік прокурорының аға көмекшісі, Батыс аймақтық көлік прокурорының көмекшісі қызметтерін атқарды. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасында жедел-іздестіру қызметі заңдылығын қадағалау департаментінде прокурор, аға прокурор, бөлім бастығы, Қарағандының көлік  прокуроры қызметтерінде болды. Әділет кеңесшісі сыныптық шені бар.

 Ақтөбе көлік прокуратурасы.

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button