Жаңалықтар

Халал өнім және имам тұлғасы

Жүздесу

Жуырда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының халал өнімдерін стандарттау бөлімінің басшысы Б.Мырзагелдиев елімізге белгілі «Асыл арна» телеарнасымен бірге Ақтөбе облысына келді.
Өз сапарында бөлім басшысы Алға ауданындағы халал өнімдер даярлайтын «Молочные истории» ет-шұжық комбинатына барып, өнімді даярлау технологиясымен танысып, өндіріс басшысымен тілдесті. Мекеме ұжымымен кездесуде басқарма өкілі комбинаттың келешекте Қазақстандағы ең ірі өндіріс орнына айналатындығына сенім білдірді. Сондай-ақ, жүздесу барысында өндіріспен келісімшарт жасап, өнімнің халалдығын растайтын куәлікті табыстады. Өндіріс жайлы барша мұсылмандарды ақпараттандыру мақсатында «Асыл арна» телеарнасының ұжымы комбинаттың жұмыс барысы мен жұмысшылары жайлы бейне түсірілім жүргізді.
Бұдан кейін Б.Мырзагелдиев облыстық «Нұр Ғасыр» орталық мешітінде қала және аудан имамдарымен кездесіп, халал өнімдер турасында көптеген мәліметтермен бөлісті. Алға ауданындағы ет өндірісі жайлы айта келіп, ол комбинат өнімдерінің шынайы таза Әбу Ханифа мазһабының талаптарына сай жасалатындығын айтты. Жиында Ақтаудан келген өкіл-имам С.Сейітбеков сөз сөйлеп, өңірлік тәжірибе алмасу бағытында өзінің біршама ойларын жеткізді. Сондай-ақ, кездесуде Атыраудың діни өкілі басшыға бағыну жайлы насихат ойларын жеткізе отырып, сол орайда Ухуд шайқасындағы елу сахабаның басшыға бағынбағандығынан жеңіліс тапқандығын тілге тиек етті.
Басқосу барысында Ақтөбе облысы бойынша өкіл-имам Нұрлан Байжігітұлы облыс имамдарына арнайы уақыт бөліп, елді имандылыққа шақыру, халық арасында татулық орнату, ынтымақты күшейту бүгінгі күннің басты парызы және имамдардың жұмысы екенін баса айтты. Сондай-ақ, жиында алдағы жоспарлар талқыланып, тапсырмалар берілді.

Облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің
баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button