Жаңалықтар

Сақтау, жинау және көбейту!

Банк ВТБ (Қазақстан) жинақ ақшасын көбейткісі келетін салымшылары арасында 10 000 000 астам теңгені ойнатады.

Көптеген психологтардың зерттеулері адамдардың көпшілігі үнемі тиімсіз әрекеттер жасаумен өмір сүретінін айтады. Оған нақты дәлел – біздің ақшаны ақылмен жұмсай алмауымыз немесе жұмсағымыздың келмеуі. Статистикаға сүйенсек, жер бетіндегі халықтың 1% ғана шын мәнінде бай адамдар деп санауға болады екен.
Зерттеушілердің деректері бойынша барлық басқа адамдардан бай адамдардың басты айырмашылығы – ол өз ақшасын тиімді басқара білуі болып табылады. Дәулетті адамдар үнемі тапқан ақшасын қайда салатыны туралы ойлап жүреді, ал жер шарының басқа тұрғындарының көпшілігі оларды қайда жұмсау туралы ойлайды екен. Сол себепті біріншілер өздерінде ақша болуды, екіншілер – жетіспеушілікті қалыптастырады.

Бұдан шығатын қорытынды: бай болғыңыз келсе өз кірістеріңіз бен шығыстарыңызды жоспарлауды бастаңыз, өз жинақ ақшаңызды көбейтуді үйреніңіз! Психологтар мен қаржыгерлердің пайымдауынша, кез келген жалақы алатын адамның, тілегі болса, ай сайынғы кірісінің бір бөлігін сақтап қоя алатын мүмкіндігі бар.
Сіз көп күттірген жалақыңыз өскен соң, оның тек ең «қажеттіге» ғана жететініне қаншалықты жиі көз жеткіздіңіз? Бұл заңның кері әсері де бар, кірістің бір бөлігін сақтап қоюды бастаңыз, сонда Сіз өзіңізді соншалықты шектемейтініңізді түсінесіз, ал егер Сіз өз кірісіңіз бен шығысыңызды мұқият есептейтін болсаңыз, одан да көп сақтауға мүмкіндік туады!
– Банк ВТБ (Қазақстан)-ның ірі әлеуметтік міндеттерінің бірі – ол біздің азаматтарды өз қаржысын жоспарлауға, бюджетін дұрыс бөлуге және өз капиталын көбейту әдістерін үйрету болып табылады. Қаржылық тұрақсыздық кезеңінде бұл дағдылар жеке отбасылар үшін және тұтастай алғанда экономика үшін де, әсіресе маңызды болып табылады. Жаңа өнімдерді әзірлегенде, біз әр кезде осы мақсаттың іске асқанын ойлаймыз. Банктің «Ақша ақшаға» жаңа акциясы да біздің өз бюджетін дұрыс бөлуге дайын клиенттерді ақшалай көтермелеуге бағытталған, – деді Банк ВТБ (Қазақстан)-ның Дархан Өтеміс Ақтөбе қ. филиалының директоры. – Бүгін Банк ВТБ (Қазақстан)-ның депозиттерімен өз жинақ ақшаңызды сақтап қана қоймайсыз, сонымен қатар табыс табуға да болады – акция аясында біз банктің жаңа салымшылары және қазірдің өзінде клиентіміз болып табылатын, депозиттерін толықтырған салымшылар арасында 10 000 000 астам теңгені ойнатамыз.

«Ақша ақшаға» акциясының талаптары бойынша 2016 жылғы 18 қаңтардан бастап 30 сәуірге дейінгі аралықта банк өз салымшылары арасында 1 000 000 теңгеден 10 жүлде және 30 000 теңгеден 153 жүлде ойнатады. Акцияға 30 000 теңгеден басталатын сомаға депозит ашқан және салымы бар болса, оны толықтырған кез келген банк клиенті қатысады, бұл кезде депозиттің сақталу мерзімі 12 айдан кем болмауы тиіс.
– Өткен жылдың жазында біз осыған ұқсас акция өткіздік, соның нәтижесінде Қазақстан бойынша банктің 300 клиенті 15 000 теңге мөлшерінде жүлде алды және бесеуі миллионер атанды, – деді Банк ВТБ (Қазақстан)-ның Дархан Өтеміс Ақтөбе қ. филиалының директоры. – Осыған дейінгі «Ақша ақшаға» акциясы аяқталғаннан кейін біз клиенттерден көптеген оң пікірдегі хаттар алдық, бұл бізге акцияны қайтадан өткізуге түрткі болды, бірақ анағұрлым тартымды талаптарда, жүлде қорын екі есе көбейттік!
Біздің «Ақша ақшаға» акциямыздың атауы негізгі түйінді көрсетеді: депозит ашыңыз және ақшалай жүлде ұтып алыңыз, әдетте ақша ақшаны тартады. Банк ВТБ (Қазақстан)-ның барлық клиенттеріне бай болуды тілейміз!
Акция туралы толығырақ ұялы телефоннан 5050 номері бойынша тегін қоңырау шалу арқылы немесе банк сайтынан http://www.vtb-bank.kz/ білуге болады.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button