Спорт

Жас жүзгіштер жарысы

Ақтөбе қаласында суда жүзуден ашық біріншілік өтіп жатыр. Осымен 8-ші рет ұйымдастырылып отырған дәстүрлі шараға 170 адам қатысуда.
18-20 қаңтар күндері аралығында өтетін жарыстың басты мақсаты — өскелең ұрпаққа салауатты өмір сүру салтын насихаттау, жастарға суда жүзудің пайдасы мол екенін ұғындыру. Қатысушылардың жас ерекшелігіне шектеу қойылмаған, тиісінше оған бақ пен бабымды сынаймын деп келгендердің қарасы қалың.
— Сайысқа әр жастағы ақтөбеліктер қатысып жатыр. Оларға әртүрлі қашықтықта жүзіп өту тапсырылған. Биыл да жас жүзгіштердің саны бірталай, 170 адам. Жыл өткен сайын турнирге қатысамын деушілердің қатары артып отырғаны қуантады, — дейді бас төреші Алла Губина.
Шаһардағы жүзуден олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінде өтіп жатқан жарыстың қорытындысы сәрсенбі күні шығарылады.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button