Спорт

Шымыр жастар шынықты

 

 Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің спорт кешенінде облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы мен М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің мұрындық болуымен спорттық-эстафеталық сайыс өтті.

Жоғары және техникалық-кәсіптік білім беру ұйымдарының жастар ісі жөніндегі комитеттері арасында ұйымдастырылған жарыста өзара 8 команда күш сынасты. Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткізілген шара барысында, сондай-ақ, «Ақтөбе облысының аралас жекпе-жек, панкратион және грэпплинг федерациясы» қоғамдық қорының жетекшісі, панкратион бойынша Азия чемпионы Гойти Дазаевтың бастамасымен «100 000 рет денені көтеру» атты спорттық имидждік жобасы ашылды. Орталыққа жиналған қыз-жігіттер қашықтыққа жүгіріп, жаттығулар жасап, т.б. спорттық тапсырмалар орындады.

— Қатысушылардың белсенділігі бізді тәнті етті. Олар түрлі мамандықтар бойынша білім алып жатса да, спорттың кез келген түріне білек сыбана кірісіп, дайындықтарын көрсетті. Біздің де әу бастағы көздегеніміз осы еді, олардың ауызбіршілігін одан сайын арттыру — мақсатымыз, — дейді ұйымдастырушылар.

Сайыстың қорытындысы бойынша барлық командалар Алғыс хаттармен марапатталды.

 Айбек ТАСҚАЛИЕВ.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button