Спорт

Ақтөбеліктер-үшінші

Жуырда Қарағанды қаласында Ұлттық самбо федерациясының ұйымдастыруымен әскери самбодан республикалық ХІ чемпионат өтті.
«Таэквондо» спорт кешенінде өткен шарада еліміздің әр түкпірінен келген спортшылар түрлі салмақта бақ сынасты. Біздің облыстан әскери самбодан Қазақстан чемпионы, грепплингтен халықаралық дәрежедегі спорт шебері Райымбек Орынбай мен грепплингтен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, әлем бойынша грепплинг жарысының қола жүлдегері Азамат Марқабаев қатысты. Екі спортшы да «Атлант» спорт кешенінің тәрбиеленушілері. Жарыста 74 келі салмақта сынға түскен Райымбек Орынбай қарсыластарын тізе бүктіріп, чемпион атанды. Арнайы чемпиондық белдік пен алтын медаль тақты. Ал Азамат Марқабаев өз салмақ дәрежесінде жақсы өнер көрсеткенмен, финалға іліге алмады. Сайыстың қорытындысында командалық есеп бойынша ақтөбеліктер үшінші орынға ие болды.
Спортшылардың жаттықтырушысы Айбек Шоқпытовтың айтуынша, жеңімпаздардың болашағынан үміт көп. Алдағы уақытта бірнеше халықаралық жарыстарға қатыспақ.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button