Спорт

Біздің Раиса — бірінші!

Кеше бір топ ақтөбелік Ресейде әмбебап күрестен өткен әлем чемпионатында алтын медальді жеңіп алған белгілі самбошы Раиса Байлиеваны теміржол вокзалында күтіп алды.
Ресей Федерациясының Калужск облысына қарасты Медынь қаласында ұйымдастырылған дүбірлі додаға 38 елдің ұзын саны 230-дан астам спортшысы қатысқан. Бақ пен бабын сарапқа салғандардың арасында 15 отандасымыз бар, оның 5-уі — ақтөбелік. 17-23 қараша күндері аралығында өткізілген жаһандық жарыста жерлес палуанымыз ақтық сында ресейлік қызбен белдесіп, санаулы секундтардың ішінде оның жауырынын жер иіскеткен.
— Сайыста орыс пен украин қыздарының әзірлігі жақсы болды. Біздің команданың атынан қатысқандардың да шеберлігі көпшілікті тәнті етті.
Бұл жолы мен 78 келі салмақта өнер көрсеттім. Финалда екі дүркін әлем чемпионы, ресейлік спортшымен күш сынасып, оны жеңіп шықтым, — дейді Самбодан әлем чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, бірнеше мәрте Азия мен Қазақстан чемпионаттарының жеңімпазы Раиса Байлиева.
Айта кетейік, Раисамен бірге аттанған басқа да спортшылар елімізге олжасыз оралған жоқ. Олар күміс, қола медальдарға ие болды.
P.S. Ақтөбенің атын әлемдік жарыстарда асқақтатып жүрген Раиса Байлиевамен сұхбатымызды газетіміздің алдағы сандарынан оқи аласыздар.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button