Спорт

Үшінші орын үшінші рет оралды

«Ақтөбе» футбол клубы биылғы ХХІV чемпионатты қола медальмен аяқтады

2005, 2007, 2008, 2009, 2013 — Қазақстан чемпионы.
2006, 2010, 2014 — Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері.
2011, 2012, 2015 — Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері.
2008 — Қазақстан Кубогы жеңімпазы.
2008, 2010, 2014 — Қазақстан Суперкубогы жеңімпазы.

Дәстүрлі рекорд

Қазақстан чемпионаттарының қорытындысында «Ақтөбе» осымен қатарынан он бірінші рет алғашқы үштіктен көрініп отыр. Бұл — рекорд.
Бұған дейін чемпионаттарда жыл сайын қатарынан «Тобыл» 7 рет (2002-2008), «Ертіс» 5 рет (1996-2000) осындай жүлдегерлер сапына іліккен екен.
Ал үш рет қатарынан жүлдегер болғандар: «Ертіс», «Елім-ай», «Тараз», «Ертіс-Богатырь», «Астана», «Қайрат».

Біздің кездесулеріміз

Бірінші кезең. Бірінші айналым

1-тур. «Ақтөбе»-«Атырау» — 1:1 (Д.Жалмұқан).
2-тур. «Ақтөбе»-«Қайрат» — 0:0.
3-тур. «Тараз»-«Ақтөбе» — 0:1 (С.Хижниченко).
4-тур. «Ақтөбе»-«Ордабасы» — 0:0.
5-тур. «Астана»-«Ақтөбе» — 0:0.
6-тур. «Ақтөбе»-«Қайсар» — 0:0.
7 тур. «Тобыл»-«Ақтөбе» — 0:2 (Д.Сирино, С.Хижниченко).
8-тур. «Ақтөбе»-«Жетісу» — 2:0 (С.Хижниченко, Д.Жалмұқан).
9-тур. «Оқжетпес»-«Ақтөбе» — 2:3 (М.Хайруллин, М.Пиззелли, Д.Неко).
10-тур. «Ақтөбе»-«Ертіс» — 2:1 (А.Аделейе, М.Пиззелли).
11-тур. «Шахтер»-«Ақтөбе» — 0:1 (Д.Сирино).

Бірінші кезең. Екінші айналым

12-тур. «Қайрат»-«Ақтөбе» — 1:2 (С.Хижниченко, А.Антонов).
13-тур. «Ақтөбе»-«Тараз» — 3:1 (А.Айымбетов, А.Тағыберген, В.Дмитренко).
14-тур. «Ордабасы»-«Ақтөбе» — 0:1 (Д.Жалмұқан).
15-тур. «Ақтөбе»-«Астана» — 0:0.
16-тур. «Қайсар»-«Ақтөбе» — 0:0.
17-тур. «Ақтөбе»-«Тобыл» — 2:1 (М.Пиззелли, Д.Неко).
18-тур. «Жетісу»-«Ақтөбе» — 1:1 (Д.Жалмұқан).
19-тур. «Ақтөбе»-«Оқжетпес» — 4:2 (В.Коробкин, С.Хижниченко, С.Хижниченко, С.Хижниченко).
20-тур. «Ертіс»-«Ақтөбе» — 1:0.
21-тур. «Ақтөбе»-«Шахтер» — 0:1.
22-тур. «Атырау»-«Ақтөбе» — 0:2 (С.Хижниченко, М.Пиззелли).

Екінші кезең. Бірінші айналым

23-тур. «Ақтөбе»-«Астана» — 0:1.
24-тур. «Ақтөбе»-«Ордабасы» — 1:0 (Ч.Дяк).
25-тур. «Ертіс»-«Ақтөбе» — 1:0.
26-тур. «Ақтөбе»-«Атырау» — 1:0 (Д.Сирино).
27-тур. «Қайрат»-«Ақтөбе» — 2:1 (Д.Сирино).

Екінші кезең. Екінші айналым

28-тур. «Ордабасы»-«Ақтөбе» — 2:1 (С.Хижниченко).
29-тур. «Ақтөбе»-«Ертіс» — 3:2 (М.Пиззелли, Д.Сирино, Д.Сирино).
30-тур. «Атырау»-«Ақтөбе» — 1:1 (В.Дмитренко).
31-тур. «Ақтөбе»-«Қайрат» — 0:3
32-тур. «Астана»-«Ақтөбе» — 1:0

«Ақтөбенің» мергендері:

Сергей Хижниченко (шабуылшы) — 9 гол;
Данило Сирино (шабуылшы) — 6;
Маркос Пиззелли (жартылай қорғаушы) — 5 (1);
Дидар Жалмұқан (жартылай қорғаушы) — 4;
Данило Неко (шабуылшы) — 2;
Виктор Дмитренко (қорғаушы) — 2;
Марат Хайруллин (жартылай қорғаушы) — 1;
Айоделе Аделейе (қорғаушы) — 1;
Алексей Антонов (шабуылшы) — 1,
Абат Айымбетов (шабуылшы) — 1;
Асхат Тағыберген (жартылай қорғаушы) — 1;
Валерий Коробкин (жартылай қорғаушы) — 1;
Чиприан Дяк (жартылай қорғаушы) — 1 (1).

Жеке көрсеткіш

«Ақтөбе» өз алаңымыздағы 16 ойында 8 рет ұтып, 5 рет тең ойнады, 3 рет ұтылды. 19 гол соғып, қақпамызға 13 гол жіберіп алды.
Өткен 2014 жылғы чемпионатта жерлестеріміз өз алаңымызда бірде-бір рет ұтылмаған болатын.
Сырт алаңдағы 16 ойында 7 рет ұтып, 4 рет тең түсті, 5 рет ұтылды.16 гол соғып, өз қақпамызға 12 гол енгізіп алды.

Премьер-Лига. ХХІV Чемпионат. Қорытынды кесте

1-6 орындар

Командалар О Ұ Т Ж Д Ұп

1 Астана (Астана) 32 20 7 5 55-26 46
2 Қайрат (Алматы) 32 20 7 5 60-19 45
3 Ақтөбе (Ақтөбе) 32 15 9 8 35-25 32
4 Ордабасы (Шымкент) 32 12 10 10 32-31 29
5 Атырау (Атырау) 32 11 12 9 31-33 27
6 Ертіс (Павлодар) 32 10 10 12 37-39 25
7-12 орындар

7 Тобыл (Қостанай) 32 12 6 14 32-42 30
8 Оқжетпес (Көкшетау) 32 12 6 14 36-41 29
9 Тараз (Тараз) 32 10 8 14 25-33 26
10 Шахтер (Қарағанды) 32 9 5 18 27-47 23
11 Жетісу (Талдықорған) 32 8 6 18 28-46 22
12 Қайсар (Қызылорда) 32 4 12 16 20-36 16

*О — ойын, Ұ — ұтыс, Т — тең, Ж — жеңіліс, Д — доп айырмашылығы, Ұп — ұпай.

Р.S. Алдағы маусымда Премьер-Лига қатарына бірінші топта озып шыққан оралдық «Ақжайық» қайтадан оралады. Ал «Жетісу» Премьер-Лигада қалу үшін бірінші топта екінші орын алған өскемендік «Восток» командасымен кездесу өткізеді.

Өткен 2014 жылы ше?

1-6 ОРЫНДАР

Командалар Ұпай саны

1 Астана (Астана) 45
2 Ақтөбе (Ақтөбе) 40
3 Қайрат (Алматы) 38
4 Ордабасы (Шымкент) 27
5 Қайсар (Қызылорда) 27
6 Шахтер (Қарағанды) 21

7-12 ОРЫНДАР

7 Тобыл (Қостанай) 26
8 Жетісу (Талдықорған) 25
9 Атырау (Атырау) 25
10 Ертіс (Павлодар) 25
11 Тараз (Тараз) 25
12 Спартак (Семей) 21

Қазақстан Кубогы

29 сәуір. 1/8 финал
«Ақжайық»»Ақтөбе» — 0:5
Гол авторлары: Валерий Коробкин, Дидар Жалмұқан, Виктор Дмитренко, Дидар Жалмұқан, Алексей Антонов.
20 мамыр. Ширек финал
«Оқжетпес»-«Ақтөбе» — 2:3
Гол авторлары: Лука Роткович, Максим Азовский — Маркос Пиззелли, Артурас Жулпа, Данило Неко.
2 маусым. Жартылай финал. Бірінші кездесу
«Ақтөбе»-«Астана» — 0:2
Гол авторлары: Бауыржан Жолшиев, Біржан Құлбеков.
23 қыркүйек. Жартылай финал. Қарымта кездесу
«Астана»-«Ақтөбе» — 1:1
Гол авторлары: Патрик Твумаси — Андерсон Сантана.

УЕФА Еуропа Лигасы

2 шілде. Бірінші іріктеу туры. Бірінші кездесу
«Ақтөбе» (Қазақстан)-«Нымме Калью» (Эстония) — 0:1
9 шілде. Бірінші іріктеу туры. Қарымта кездесу
«Нымме Калью»-«Ақтөбе» — 0:0

Кездесулер статистикасы

Алаң иелері мен қонақтар

Барлығы 192 кездесу өткізілді.
17-турдағы бір кездесудің есебі жойылды, яғни «Атыраумен» кездесу барысында легионерлерді артық мөлшерде қосқаны үшін «Жетісу» командасына 0:3 есебімен техникалық жеңіліс жазылды. Сөйтіп, 2:1 есебімен жеңіске жеткен талдықорғандықтар үш ұпайды қарсыластарына өз қолдарымен қайтадан санап берді.
Өткен жылы да «Ақтөбемен» кездесу барысында легионерлерді артық мөлшерде ойынға қосқаны үшін «Қайрат» командасына 0:3 есебімен техникалық жеңіліс жазылған болатын. Бірақ ол кездесуде «Қайрат» онсыз да 0:1 есебімен жеңілгендіктен бұл жазаның жарасы жеңілдеу болып еді.
Сонымен биылғы статистикаға келейік.
90 кездесуде (былтыр 101 кездесуде) алаң иелері жеңді.
53 рет (былтыр 41 рет) қонақтар басым түсті.
49 ойын (былтыр 50 ойын) тең есептермен аяқталды.

Гол!

Барлық кездесулерде 418 гол (былтыр 464 гол) соғылды.
Әр ойында орта есеппен 2, 24 гол (былтыр 2,43 гол) соғылды.
Алаң иелері соққан гол — 244 (былтыр 295).
Қонақтардың үлесі — 174 гол (былтыр 169).

Ең көп қайталанған есептер

1:0 — 48 рет;
2:1 — 30 рет;
0:0 — 25 рет;
2:0 — 25 рет.

Бір рет қана тіркелген есептер

4:3 — «Астана»- «Қайрат»; 8-тур, 19-сәуір
0:5 — «Шахтер-«Қайрат»; 19-тур, 5 шілде
5:2 — «Қайрат»-«Ертіс»; 24-тур, 24 тамыз
3:3 — «Тараз»-«Оқжетпес»; 25-тур, 12 қыркүйек

Гол ең көп соғылған тур

22 гол —25-тур, 11-13 қыркүйек
«Ордабасы»-«Астана» — 2:3
«Атырау»-«Қайрат» — 1:2
«Ертіс»-«Ақтөбе» — 1:0
«Тараз»-«Оқжетпес» — 3:3
«Қайсар»-«Тобыл» — 1:2
«Шахтер»-«Жетісу» — 3:1

Гол ең аз соғылған турлар

7 гол — 14-тур, 29 мамыр
«Астана»-«Атырау» — 0:0; «Жетісу»-«Оқжетпес» — 0:1; «Қайрат»-«Тараз» — 2:0; «Қайсар»-«Шахтер» — 2:0; «Ордабасы»-«Ақтөбе» — 0:1; «Тобыл»-«Ертіс» — 1:0.
7 гол — 23-тур, 13-16 тамыз
«Ақтөбе»-«Астана» — 0:1; «Ордабасы»-«Қайрат» — 0:0; «Ертіс»-«Атырау» — 2:0; «Қайсар»-«Тараз» — 0:0; «Шахтер»-«Оқжетпес» — 0:0; «Тобыл»-«Жетісу» — 1:3.

Ең ірі есеп

0:5 — «Шахтер»-«Қайрат»; 19-тур, 5 шілде.

Ең нәтижелі кездесулер

4:3 — «Астана»- «Қайрат»; 8-тур, 19-сәуір
5:2 — «Қайрат»-«Ертіс»; 24-тур, 24 тамыз

Ірі есептер

5:0 — 1 рет;
4:0 — 5 рет;
3:0 — 11 рет;
5:2 — 1 рет;
4:1 — 3 рет.

Тур сәні — бір гол

11-тур, 5 мамыр
Бұл турда «Жетісу» өз алаңында «Астанадан» 1:3 есебімен ұтылды да, қалған бес кездесудің барлығы да бірдей есептермен аяқталды:
«Ертіс»-«Тараз» — 0:1; «Қайрат»-«Атырау» — 0:1; «Оқжетпес» – «Ордабасы» — 0:1; «Тобыл»-«Қайсар» — 1:0; «»Шахтер»-«Ақтөбе» — 0:1.

Алты кездесу — алты түрлі есеп

8-тур, 19-20 сәуір
«Ақтөбе»-«Жетісу» — 2:0; «Астана»-«Қайрат» — 4:3; «Атырау»-«Оқжетпес» — 2:1; «Ордабасы»-«Қайсар» — 0:0; «Тараз»-«Тобыл» — 1:0; «Шахтер»-«Ертіс» — 2:2.
13-тур, 24 мамыр
«Ақтөбе»-«Тараз» — 3:1; «Атырау»-«Ордабасы» — 1:1; «Жетісу»-«Қайрат» — 0:3; «Ертіс»-«Қайсар» — 4:2; «Оқжетпес»-«Тобыл» — 1:0; «Шахтер»-«Астана» — 0:4.
16-тур, 20 маусым
«Астана»-«Тараз» — 4:1; «Жетісу»-«Шахтер» — 3:0; «Қайрат»-«Ордабасы» — 2:1; «Қайсар»-«Ақтөбе» — 0:0; «Оқжетпес»-«Ертіс» — 0:1; «Тобыл»-«Атырау» — 2:2.

Біржақты тур

14-тур, 29 мамыр
Бұл турда «Астана»-«Атырау» кездесуінде ғана есеп ашылмады да (0:0), қалған бес ойынның барлығында да қақпаларға тек бір команда ғана гол соқты:
«Жетісу»-«Оқжетпес» — 0:1; «Қайрат»-«Тараз» — 2:0; «Қайсар»-«Шахтер» — 2:0; «Ордабасы»-«Ақтөбе» — 0:1; «Тобыл»-«Ертіс» — 1:0.

Тур сүйіктісі — 1:0 (0:1)
Чемпионат барысында 1:0 есебі бір турда үш реттен алты мәрте қайталанды:
14-тур, 29-мамыр
«Жетісу»-«Оқжетпес» — 0:1;
«Ордабасы»-«Ақтөбе» — 0:1;
«Тобыл»-«Ертіс» — 1:0.
15-тур, 6 маусым
«Ертіс»-«Жетісу» — 1:0;
«Тараз»-«Ордабасы» — 0:1;
«Шахтер»-«Тобыл» — 1:0.
28-тур, 3-4 қазан
«Қайсар»-«Оқжетпес» — 0:1;
«Тараз»-«Жетісу» — 1:0;
«Атырау»-«Астана» — 0:1.
30-тур, 24-25 қазан
«Қайсар»-«Шахтер» — 0:1;
«Тараз»-«Тобыл» — 1:0;
«Қайрат»-«Астана» — 0:1.
31-тур, 31 қазан
«Астана»-«Ертіс» — 1:0;
«Ордабасы»-«Атырау» — 0:1;
«Тобыл»-«Оқжетпес» — 1:0.
32-тур, 8 қараша
«Астана»-«Ақтөбе» — 1:0;
«Атырау»-«Ертіс» — 1:0;
«Оқжетпес»-«Шахтер» — 1:0.

Ерік-жігердің куәсі — 2:1

Бірінші таймда қарсыласына бір доп басымдық бергенімен (0:1), екінші таймда қарымта екі гол соғып, ойынды жеңіспен аяқтау футболшылардың сол шақтағы ерік-жігеріне сын болғаны сөзсіз.
10-тур, 3 мамыр. «Ақтөбе»-«Ертіс» — 2:1 (0:1; 2:0);
17-тур, 24 маусым. «Ақтөбе»-«Тобыл» — 2:1 (0:1; 2:0);
24-тур, 3 тамыз. «Тобыл»-Шахтер» — 2:1 (0:1; 2:0);
25-тур, 12 қыркүйек. «Атырау»-«Қайрат» — 1:2 (1:0; 0:2);
30-тур, 25 қазан. «Ертіс»-«Ордабасы» — 1:2 (1:0; 0:2);
31-тур, 31 қазан. «Жетісу»-«Қайсар» — 2:1 (0:1; 2:0).

Ең көп… ең аз…

Ең көп гол соққан команда — «Қайрат», 60 гол.
Өз алаңында ең көп гол соққан команда — «Қайрат», 32 гол.
Сырт алаңда ең көп гол соққан команда — «Қайрат», 28 гол.
* * *

Ең аз гол соққан команда — «Қайсар», 20 гол.
Өз алаңында ең аз гол соққан команда — «Қайсар», 10 гол.
Сырт алаңда ең аз гол соққан команда — «Тараз», «Шахтер». 7 гол.
* * *

Ең көп гол жіберген команда — «Шахтер», 47 гол.
Өз алаңында ең көп гол жіберген команда — «Шахтер», 21 гол.
Сырт алаңда ең көп гол жіберген команда — «Жетісу», 28 гол.
* * *

Ең аз гол жіберген команда — «Қайрат», 19 гол
Өз алаңында ең аз гол жіберген команда — «Қайрат», «Тараз», 8 гол.
Сырт алаңда ең аз гол жіберген команда — «Қайрат», 11 гол.
* * *

Ең көп жеңіске ие болған команда — «Астана», «Қайрат», 20 жеңіс.
Өз алаңында ең көп жеңіске ие болған команда — «Қайрат», 12 жеңіс.
Сырт алаңда ең көп жеңіске ие болған команда — «Астана», 9 жеңіс.
* * *

Ең аз жеңілген команда — «Астана», «Қайрат», 5 жеңіліс.
Ең аз жеңіске ие болған команда — «Қайсар», 4 жеңіс.
* * *

Ең көп тең ойнаған команда — «Атырау», «Қайсар», 12 тең ойын.
Өз алаңында ең көп тең ойнаған команда — «Қайсар», 7 тең ойын.
Сырт алаңда ең көп тең ойнаған команда — «Ертіс», 8 тең ойын.
* * *

Ең аз тең ойнаған команда — «Шахтер», 5 тең ойын.
Өз алаңында ең аз тең ойнаған команда — «Қайрат», 1 тең ойын.
Сырт алаңда ең аз тең ойнаған команда — «Шахтер», 1 тең ойын.
* * *

Ең көп ұтылған команда — «Шахтер», «Жетісу», 18 ұтылыс.
Өз алаңында ең көп ұтылған команда — «Оқжетпес», «Шахтер», «Жетісу», «Қайсар», 6 ұтылыс.
Сырт алаңда ең көп ұтылған команда — «Шахтер», «Жетісу», 12 ұтылыс.
* * *
Ең аз ұтылған команда — «Астана», «Қайрат», 5 ұтылыс.
Өз алаңында ең аз ұтылған команда — «Астана», 1 ұтылыс.
Сырт алаңда ең аз ұтылған команда — «Қайрат», 2 ұтылыс.

Сұрмергендер: алғашқы бестік

1. Жерар Гоу («Қайрат») — 22 гол (үшеуі пенальтиден соғылды);
2. Душан Савич («Жетісу») — 14 (1));
3. Джордже Деспотович («Жетісу», «Қайрат») — 13;
4. Лука Роткович («Оқжетпес») — 13 (2);
5. Таңат Нөсербаев («Астана») — 11.

Әзірлеген Ертай АШЫҚБАЕВ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button