Спорт

Ақтөбелік журналистердің жүлдесі

Жақында Орал қаласында еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары командалары арасында екінші рет республикалық турнир өтті. Жарысқа еліміздің тоғыз облысының, Алматы қаласының және «Хабар» агенттігі мен «Қазақстан» ұлттық арнасының журналистерінен құралған 12 команда спорттың тоғыз түрі бойынша күш сынасты.
Ақтөбе облысы командасының сапында «Қазақстан-Ақтөбе» телеарнасының, «Ақтөбе», «Актюбинский вестник», «Керек-инфо», «Ойыл», «Қобда», «Жаңалық жаршысы» газеттерінің журналистері өнер көрсетіп, жалпыкомандалық есепте жүлделі үшінші орынға ие болды. Ақтөбеліктер волейболдан және ерлер мен әйелдер арасында теннистен жеңімпаз атанса, баскетболшыларымыз екінші орынды иеленді. Ал суға жүзуден және жүгіруден үшінші орынға табан тіреді. Команда сапында сынға түскен журналистердің бірқатарына спорттық велосипедтер, енді бірқатарына бейнекамералар мен планшеттер тапсырылды.
— БАҚ командалары арасында алғаш рет Шымкентте өткен турнирде жалпыкомандалық есепте төртінші орынды қанағат тұтқан едік, міне жүлдегер атандық, — дейді команда капитаны, «Қазақстан-Ақтөбе» телеарнасының редакторы Ербол Мұқаш.
Қыздар арасында волейболдан құралған ақтөбелік команданың бір мүшесі — «Ақтөбе» газетінің қызметкері Миргүл ЖҰМАҒАЛИЕВА.

Бердібай КЕМАЛ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button