Ресми

1 қазан – Қарттар және ұрпақтар ынтымақтастығы күніне дайындық және оны өткізу бойынша іс-шаралар жоспары

1. «Ақылдары кең қариялар». Қарт оқырмандарды құттықтау, 1 қазан күні бойына, №2 кітапхана.
2. «Ардагерлерді ардақтаймыз». Қарттар күніне мәдениет саласының ардагерлерін құттықтау және сыйлықтарын тапсыру, 1 қазан сағ. 10.00, тұрғылықты мекенжайы бойынша.
3. «Қарттарым — асыл қазына». Мерекелік кеш, 1 қазан сағ. 10.00, №9 кітапхана.
4 «Ардақты асыл жандар, ардагерлер қартаймаңдар». Мерекелік бағдарлама, ардагерлермен кездесу, 1 қазан сағ. 10.00, Құрашасай орта мектебі.
5. «Ардагерлер – арман ерлер». Мерекелік концерт, 1 қазан сағ. 10.00, облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасы.
6.«Қарты бардың – қазынасы бар». Ауыл қарттары мен мүгедектерімен кездесу кеші, 1 қазан сағ. 10.30, №11 Құрашасай селолық модельді кітапханасы.
7. «Ақылды қария – ағып жатқан дария». Кездесу кеші, 1 қазан сағ. 10.30, облыстық қарттар және мүгедектер интернат үйінде.
8. «Қарттарым — асыл қазынам». Мерекелік концерт, колледж ардагер ұстаздарымен кездесу, тәрбие сағаттары, 1 қазан сағ. 11.00, Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжі.
9. Ардагерлер арасында шахматтан турнир. 1 қазан сағ. 11.00, Ә.Молдағұлова даңғылындағы шахмат аллеясында.
10. «Қарияларға қамқорлық көрсетейік». Қарияларға көмек көрсету акциясы, 1 қазан сағ. 11.00, мекенжайы бойынша.
11. «Қариялы ел – қазыналы ел». Қарт оқырмандармен кездесу, 1 қазан сағ. 11.00, С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасы.
12. «Құрметтеймін қартымды». Мерекелік бағдарлама, 1 қазан сағ. 11.00, қалалық көркемсурет лицейі.
13. «Қарттарын қадірлеген ел ардақты». Концерттік бағдарлама, 1 қазан сағ. 11.00, балалар және жасөспірімдер шығармашылығы орталығы.
14. «Қарттарым — асыл қазынам». Мерекелік бағдарлама, 1 қазан сағ. 11.00, қалалық техникалық шығармашылық орталығы.
15. «Қайырымдылық жасауға асығайық». Қарттарға көмек көрсету акциясы, 1 қазан сағ. 11.00, Благодар селолық округінің әкімдігі, Благодар ОМ, Қызылжар ОМ.
16. «Қарттарын қадірлеген ел ардақты». Мерекелік концерттік бағдарлама. 1 қазан сағ. 11.00, балалар және жасөспірімдер шығармашылық орталығы.
17. «Құрметтеймін қартымды». Мерекелік концерттік бағдарлама, 1 қазан сағ. 11.00, Сазды мәдениет үйі.
18. Қарттар күніне арналған қаламыздағы қарттар үйінің 5 тұрғынына стоматологиялық қызмет көрсету, 1 қазан сағ.11.00, облыстық қарттар және мүгедектер интернат үйінде.
19. «Мейірімділік жүрек жұмсартар». Концерттік бағдарлама. 1 қазан 11.00, облыстық қарттар және мүгедектер интернат үйі.
20. «Қарттарым – асыл қазынам». Мерекелік бағдарлама, 1 қазан сағ. 11.00, «Геолог» мәдениет үйі.
21. «Ата-ана балаға үлгі». Кездесу кеші, 1 қазан сағ. 12.00, №1 кітапхана.
22. «Қартқа бізден құрмет бар». Кездесу кеші, 1 қазан сағ. 12.00, №12 кітапхана.
23. «Үлкенге ізет». Мерекелік шара, 1 қазан сағ. 15.00, №8 кітапхана.
24. «Қадірлі ардагерлер, ардақтылар». Мерекелік құттықтау бағдарламасы, 1 қазан сағ. 15.00, Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы.
25. «Құрметтеймін қартымды». Мерекелік кеш, 1 қазан сағ. 15.00, №10 кітапхана.
26. «Ұстазға мың алғыс». Колледждің ардагер ұстаздарымен кездесу кеші, 1 қазан сағ. 16.00, А.Жұбанов атындағы музыкалық колледжі.
27. Үстел теннисінен ардагерлер арасында қала біріншілігі, 1-2 қазан сағ. 11.00, спорттық жоғарғы шеберлік мектебі.
28. «Қарияларды құрметтейміз». Мерекелік бағдарлама, 2 қазан сағ. 12.00, қалалық Қазақ саңыраулар қоғамы мәдениет үйі.
29. «Қарттарын қадірлеген ел ардақты». Ашық есік күнін өткізу және мәдениет саласы мен планетарий ардагерлерімен кездесу,
2 қазан сағ.12.00, облыстық планетарий.
30. «Ант». Қойылым (кіру тегін), 3 қазан сағ. 17.00, Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театры.
31. «Қияндарға кетпеші». Қойылым, 4 қазан сағ. 11.00, облыстық «Алақай» қуыршақ театры.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button