Ресми

Тағайындау

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 10 наурыздағы №357 «Мемлекеттік қызмет өткеру тәртібі туралы Ережені бекіту туралы» Жарлығына сәйкес Ақтөбе облысының әкімі А.Б.Мұхамбетовтің 2015 жылғы 24 тамыздағы өкімі бойынша Мәди Қанатбайұлы Елеусізов Ақтөбе облысы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды.

Мәди Қанатбайұлы Елеусізов
1976 жылы туған. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін экономист мамандығы бойынша, Ресей кеден академиясын заңгер мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1997 жылы Шалқар қаласындағы «Южбозой» АҚ экономист маманы ретінде бастаған.
Ақтөбе облысы бойынша кедендік бақылау басқармасында әр түрлі қызметтер атқарған. Қобда ауданы әкімінің орынбасары, кейін облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметтерін атқарды. 2010 және 2015 жылдар аралығында Мәртөк ауданы әкімі лауазымында болды.
2015 жылғы қаңтар айынан бастап – «Нұр Отан» партиясы Ақтөбе облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

Константин Викторович Петров Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне қызметке ауысуына байланысты бұл лауазымнан босатылды.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button