Спорт

Рахаттың жеңісі

Ташкент қаласында өткен бокстан Азия чемпионатында ақтөбелік жас палуан Рахат Сейтіжан 48 келі салмақ дәрежесі бойынша қола медаль иегері атанды.

Азия құрлығының 15 елінен барлығы 116 спортшы қатысқан чемпионатта еліміздің батыс өңірі бойынша Рахат Сейітжан бақ сынады. Ақтөбе қаласындағы бокстан олимпиада резервтерін даярлайтын  №4 облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі Р.Сейітжан былай дейді:

— Жарыс өте тартысты өтті. Әр мемлекеттің мықтылары жиналған жарыста өз салмағым бойынша ақтық сында Филиппин елінен келген спортшыға есе жіберіп алдым. Дегенмен елімнің намысын қорғау үшін барымды салдым.  Келесі чемпионат қыркүйек айында Санкт-Петербор қаласында өтеді. Қазір сол чемпионатқа дайындық үстіндемін.

Рахаттың жаттықтырушысы Тағыберген Қазиханов жас боксшының болашағынан зор үміт күтеді.

Ташкентте өткен чемпионатта қазақстандық спортшылар 5 алтын, 1 күміс, 5 қола медаль иеленіп, командалық есеп бойынша екінші орынға табан тіреген.

 

Арайлым НҰРБАЕВА.

Басқа жаңалықтар

One Comment

  1. Макала оте кате жазылган. Боксшынын палуан болганын ким корипти?! Екиншиден #4 облыстык мамандандырылган балалар- жасоспиримдер олимпиадалык резерви спорт мектеби ешкашан бокстан олимпиада резервин дайындайтын мектеп болган емес. Калада ондай мектеп баска жерде орналаскан. Автор осы жагын ескеру керек еди.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button