Спорт

Алмат алтын алды

Жуырда Теміртау қаласында өткен  жүзуден IV ҚР спартакиадасында Дөң тау-кен байыту комбинатының дене шынықтыру және сауықтыру  кешенінің тәрбиеленушісі Алмат Сабыр бірінші орынға ие болып, спартакиада алтынын мойнына тақты.  

Жеңістің 70 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдық мерейтойына және Қазақ хандығының 550 жылдығына орай өткізілген додада еліміздің түкпір-түкпірінен келген мықтылар бақ сынасты.

Сайыс тартысты өтті. Қатысушылардың барлығы өз шеберліктерін көрсете білді.  Жарысқа қатысқан құрдастарымнан үлкен сабақ алдым. Осы сайыста жеңіске жетуіме себепкер болған жаттықтырушым  Степан Валюске алғысым шексіз, — дейді Алмат.

Жас спортшы бұған дейін де  еліміз бен сырт мемлекеттерде өткен сайыстарда жүлделі орындарға ие болып жүр. Мәселен, 2013 жылы Алматы қаласында өткен  III Евразиялық ойындарында үшінші орынға қол жеткізсе, биыл сәуір айында Минск қаласында өткен жүзуден ашық чемпионатта қола жүлдеге ие болды. Қазір ол Қазақстанның ұлттық құрамасының сапына қабылданды.  Сондай-ақ, Алмат  200 метр қашықтыққа  шалқасынан жүзу бойынша  тамыз айында Сингапур қаласында өтетін Әлем чемпионатына жолдама алды. Қазір ол аталған сайысқа қызу дайындалып жатыр.

Қаладағы мұнай және газ колледжінде білім алатын жас спортшының болашағынан көп үміт күтуге болады.

 

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button