Мереке

Құрметті соғыс ардагерлері, тыл еңбеккерлері! Қымбатты ақтөбеліктер!

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығымен — ел өміріндегі елеулі оқиғамен шын жүректен шыққан ақ тілегімді қабыл алыңыздар!

Бұл қасиетті мереке біздің жүрегімізді қобалжу және сағыныш сезімдеріне толтырады. 9 мамыр — бұл Еске алу және Қайғы тұту күні, сонымен бірге Тіршілік пен Парасаттың салтанат құру мерекесі!

Біздің бәріміз үшін Жеңіс күні халықтың даңққа бөленуінің асқар шыңы, туған жеріміздің тәуелсіздігі мен еркіндігі үшін топтасқан халықтың мерекесі болып табылады. Біз азат етуші жауынгерлердің алдында басымызды иеміз, әлемді фашизмнен құтқарған, біздің Отанымыздың тәуелсіздігі мен абыройын сақтап қалған аталарымыз бен әкелеріміздің ұлы ерліктерін мақтан тұтамыз.

Ұлы Отан соғысының оқиғалары, соғыс ауыртпалықтырының барлық зардаптарын иығымен көтерген, содан кейін қираған елімізді қалпына келтірген және оны шыңға дейін көтерген адамдар туралы естелік мәңгі сақталатын болады.

Күллі еліміздегі секілді, біздің Ақтөбе облысының тұрғындары да жексұрын жауды талқандауға елеулі үлес қосты. Біздің қаламызда даңқты 312-атқыштар дивизиясы мен 101-дербес атқыштар бригадасы құрылымдалды, соғыс жылдарында алғы шепке біздің облысымыздан 122 мың 423 адам аттанды. 35 ақтөбелік Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды.

Өкінішке қарай, майданда өліммен бетпе-бет келген, сондай-ақ, тылда ұйқысыз еңбек еткен адамдар қатары барған сайын ортамызда азайып келеді.

Біздің буын Жеңіс жауынгерлері алдында өтелмес қарыздар, сондықтан да біз ардагерлерге жан-жақты әлеуметтік қолдау көрсету үшін барлық мүмкіндікті жасаймыз.

Қымбатты ардагерлер!

Сіздер кейінгі ұрпақтарыңыздың жадында мәңгілікке жеңімпаз буын болып қаласыздар. Сіздердің болашаққа деген сенімдеріңіз және тіршіліктегі қиындықтарды жеңе білу дағдыларыңыз біздің барлығымыз үшін еліктеу үшін үлгі және рухтың берік күші көрінісі болып табылады.

Сіздердің ерліктеріңіз, патриотизмдеріңіз бен төзімділіктеріңіз, рухтарыңыздың мықтылығы үшін мың тағзым!

Сіздерге ұзақ ғұмыр, бақытты жылдар тілеймін, жақын-жуықтарыңыздың қамқорлығы мен ықыласына бөлене беріңіздер!

Біздің Мәңгілік Отанымыз — Мәңгілік Ел гүлдене берсін! Әрбір шаңырақ пен әрбір отбасына бейбітшілік, игіліктер мен ізгіліктер тілеймін!

 

Облыс әкімі     Архимед МҰХАМБЕТОВ.        

 

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button