Мереке

Құрметті облыс тұрғындары! Қымбатты ақтөбеліктер!  

Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке халықтар арасындағы достық пен келісімді бейнелейді, біздің әрқайсысымыздың жүрегімізде ізгілік үнін оятады. Бұл мерекенің табиғаттың гүлдеген шағы адамның сүйіспеншілік сезімі мен достық ниетіне сай келетін мамырдың алғашқы күніне сәйкестенуінің өзі жарасымдылықты білдіреді.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Нұр Отан» партиясының съезінде болашағы біртұтас ұлтты құру бес халықтық реформаның жалпы мәнін құрайтынын атап көрсетті. Оны іске қосуға қуатты жалпыхалықтық механизм ғана қабілетті.

«Бізді біріншіден, біздің ортақ үйіміз — Қазақстанға деген ортақ сүйіспеншілік; екіншіден, біздің ежелгі жеріміздің тарихы мен тілді дамытуға қатынас тұрғысындағы қоғамдық келісім; үшіншіден, біздің мемлекетіміздің және оның азаматтарының қазіргі және ұлы болашаққа терең сенімі біріктіреді. Біздің Мәңгілік Еліміздің негізі де нақ осында», — деді Елбасы.

Біздің облысымыздағы көпұлтты тұрғындар арасында өзара сенім, құрмет, шынайы түсіністік қалыптасқан. Ішкі бірліктің бұл көрінісі бізге, ақтөбеліктерге, бір қарағанда қаншалықты күрделі болып көрінгенмен, кез келген мәселені шешуге көмектеседі. Және бұл — біздің экономикалық, әлеуметтік және саяси дамуымыздың кепілі.

Біз патриотизмге, бірігуге ұмтылыс пен саяси тұрақтылыққа арқа сүйей отырып, әрбір отбасы мен азаматтың игілігі, облысымыз бен еліміздің өркендеуі мәселелерін мақсатты түрде шешу мүмкіндігіне ие болдық. Өңірдің бүгінгі экономикалық ахуалы — бұл біздің сіздермен ортақ табысымыз.

Ақтөбе облысы тұрақтылық пен тыныштықты бейнелей отырып, егеменді Қазақстанның табысты дамуында лайықты ұстанымға ие.

Біз өзіміздің орнықты жұмысымыз, топтасқандығымыз бен жасампаз күш-жігеріміз республикамыздың гүлденуі мен әл-ауқаты артуына алдағы үдемелі қозғалыстарды тудыратындығын түсіне отырып, болашаққа сеніммен және үмітпен қараймыз.

Көктемнің, Бейбітшілік пен Еркіндіктің тамаша мерекесі бізді жарқын болашаққа бағытталған жасампаз еңбекке, игілікті істер жасауға жұмылдыра берсін!

Сіздерге және Сіздердің отбасыларыңызға денсаулық, молшылық, бақыт пен сәттіліктер тілеймін!

Әрбір шаңырақта шуақты сәттер, қуаныштар молынан болсын!

 

Облыс әкімі міндетін атқарушы Архимед МҰХАМБЕТОВ.       

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button