Ресми

Мәди Елеусізов — «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары

Тағайындау

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметіне Мәди Елеусізов тағайындалды.
Партияның облыстық филиалының төрағасы Архимед Мұхамбетов көпшілікке бірінші орынбасарын таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі. Мәди Елеусізов өзіне көрсетілген сенімді абыроймен атқаруға бар күш-қайраты мен білігін жұмсайтындығын айтты.
Мәди Қанатбайұлы Елеусізов 1976 жылы Шалқар қаласында дүниеге келген. Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе университетін экономика, Ресей кеден академиясын заңгерлік мамандығы бойынша тәмамдаған. Алғашқы еңбек жолын Шалқар қаласындағы «Южбозой» АҚ-да экономист болып бастады. Одан кейінгі жылдары облыстық кедендік бақылау басқармасында инспектор, бөлім басшысы, Қобда ауданы әкімінің орынбасары, облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметтерін атқарды. 2010 жылдан Мәртөк ауданы әкімі қызметінде болды.
2010 жылдан «Нұр Отан» партиясының мүшесі. «Құрмет» орденінің иегері.

Н.ДАБЫЛОВ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button