Спорт

«Тараз» орнын сақтап қалды

Футбол

 «Астана-Арена» стадионында бірінші лигада екінші орын алған Шымкенттің «Қыран» командасы чемпионат қорытындысында Премьер-лига командалары арасында 11-орында қалған «Тараз» футболшыларымен кездесіп, жолдаманы сарапқа салды.

Шымкенттіктер бірінші болып есеп ашты. Санат Жұмаханов салған жалғыз гол кездесудің бірінші таймында сақталып қалды. Бірақ 59-минутта тараздықтар есепті теңестірді. Александр Яровенко жауап доптың авторы атанды. Әйтсе де Премьер-лигада неше бір жылдан бері өнер көрсетіп келе жатқан тараздықтар есепті бұдан әрі ұлғайта алмады.

Негізгі уақытта тең ойнаған командалар қосымша берілген 30 минутта да бірін-бірі ала алмады. Ал пенальтиде тәжірибелі «Тараз» футболшылары мергендік танытып, жеңіске жетті. Бұл жерде тараздықтардың кәнігі қақпашысы Жасур Нарзикуловтың шеберлігін айта кету керек.

Бердібай КЕМАЛ.   

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button